07 Сәуір, 2011

Маңыздылығы аталды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Литва Республикасы­ның Сыртқы істер министрі – ЕҚЫҰ-ның Іс ба­сындағы төрағасы Аудронюс Ажубалиспен теле­фон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. А.Ажубалис сұхбаттасын президенттік сайлаудың сәтті өтуі­мен құт­тықтады. Ол Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтас­ты­ғы­ның жемісті болуының маңыздылығын ерекше атап өтті. Құттықтауды қабыл алып, Қ.Саудабаев сайлаудың ашық және транспарентті ауанда өтуі Қазақстан демократиясының даму жолындағы маңызды қадамды байқатқаны деп мәлімдеді. Сол күні, телефон арқылы әңгімелесу барысында Австрия Сыртқы істер министрі Михаэль Шпинделеггер Президент Н.Назарбаевты өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың дамуына сенім білдірді.