07 Сәуір, 2011

Жоғары бағалады

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия Республикасы Премьер-министрі Әкімшілігінің басшысы – Премьер-министрдің Мемлекеттік хатшысы Михай Варганы қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Кездесуде Қ.Тоқаев президенттік сайлау кезеңіндегі осы сапардың маңыздылығын атап өте келіп, венгр жағына олар­дың мониторингке белсенді қатысқа­ны үшін ризашы­лық білдірді. «Сайлау өтті, оны халықаралық қоғамдастық та­ныды», деді Төраға. Сайлаудың табысты нәтижелерімен құттықтаған М.Варга оның демократиялық ережелерге сәйкес өткені туралы пікірін білдірді, мемлекет құрылысындағы Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалады.