07 Сәуір, 2011

Қуаныштарыңызға ортақпыз

782 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қымбатты достар! Қымбатты қазақ­стан­дықтар! Сіздерді президенттік сайлауда Нұрсұл­тан Назарбаевтың жеңіске жетуімен шын жүректен құттықтаймын. Біз сіздердің ұлы Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайланатынына шынайы сенген едік. Өйткені, ол әлемдегі аса көрнекті Президент болып табылады. Ол саяси және рухани көшбасшыларды, көптеген мәдениеттерді, нәсілдерді, діндер мен елдерді біріктіруге үлкен күш-жігер жұмсады. Қазіргі кезде әлемде адамзат баласы тіршілігі үшін аса маңызды фактор болып табылатын жаңа рухани келісім құру жолдарын қалыптастырды. Біз сіздердің елдеріңізде – бейбітшілік пен бірлік, сүйіспеншілік пен ізгілік салтанат құрған елдеріңізде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде басымыздан кешкен ғажайып уақытты үлкен қанағат сезімімен әркез есімізге аламыз. Президенттеріңізге біз­дер­дің ең жақсы тілектерімізді жеткізулеріңізді тағы да қайталап сұраймыз.

Рейнхарт РУГЕ,

сенатор (Мексика).

*** Қазақстандағы қым­бат­ты достар! Сіздермен Қазақстан Рес­­публикасының Президенті, Жоғары мәртебелі Нұр­сұлтан Назарбаевтың қай­тадан сай­ланғаны тура­лы қуа­нышымды бөлісуіме рұқ­сат етіңіздер! Бұл сайлау демо­кра­тия­лық басшылықтың – сіз­дердің елдеріңіздің азамат­тары қуаттап бергеніндей, демократия син­тезі мен мәдени иерархияның табыс­та­рын нақты айқындады. Біз сондай-ақ қазақ хал­қын құттықтай отырып, өзде­рі­ңіз­дің бірліктеріңізді қуат­тап берген осы ұлы табыс Президенттеріңіздің күш-жі­герінің арқасында ондаған жылдар бойы бейбіт жағ­дай­да Қазақстан Республи­ка­сын­дағы барлық халықтар мен этностардың бірлігі үшін ын­талан­ды­ру­шы үдеріс болсын деп тілейміз. Біз сонымен бірге 1992 жылдан бері талқыланған тұ­жырымдамалар мен идеялар­дың кейбірі тәжі­ри­беге енгізіліп, сіздердің ұлы елде­рі­ңіздің төңірегінде бо­лып жатқан көптеген жағ­дайлар мен тәртіпсіз­дік­терге қара­мас­тан, ондаған жылдар бедерінде Қазақ­стан­да бейбіт, үйлесімді, әлеуметтік құры­лым­дар мен ынтымақтастық­ты сақтауға көмектескенін атап өтуге де өте қуаныштымыз. Жер бетінде әркез бейбітшілік салтанат құрсын! Сіздердің халқыңызға бақыт пен игілік тілеймін!

Вилли АВГУСТАТ,

«Бейбітшілік арқылы мәдениетке»  халықаралық қауымдастығының

президенті.