07 Сәуір, 2011

«Ени Әзірбайжан» партиясының мыңдаған мүшелерінің атынан Сізді сайлаудағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті,  «Нұр Отан» партиясының төрағасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! «Ени Әзірбайжан» партиясының мыңдаған мүшелерінің атынан Сізді сайлаудағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Президенттік сайлаудағы Сіздің жеңісіңіз – ұзақ уақыт бойы Қазақстан мемлекеті мен халқының игілігі үшін атқарған адал еңбегіңіздің арқасында келген, еліңіздің Сізге деген зор құрметінің нәтижесі екені сөзсіз. Сонымен қатар, бұл жеңіс алдағы уа­қыттағы ел экономикасын қарқынды дамытудың, ха­лықтың әл-ауқатының артуының және Сіздің бас­шы­лығыңызбен қоғамның бір мақсатқа бірігуінің кепілі екеніне де күмәніміз жоқ. Біз «Нұр Отан» мен «Ени Әзірбайжан» партия­ла­ры арасындағы әріптестік және достық қарым-қатынасты айрықша бағалаймыз, алдағы уақытта да екі жақтың күшімен бұл ынтымақтастықтың арта түсетініне сенімдіміз. Сізге алға қойған мақсаттарыңызға жету жо­лын­да үлкен табыстар, ал Қазақстан халқына тұрақ­ты­лық пен игілік тілейміз!

Шексіз құрметпен,

«Ени Әзірбайжан» партиясының Саяси кеңесі.