Ресей мемлекеттік кітапханасының шығыс әдебиеті орталығында «Кенесары Қасымов: тұлға, тағдыр, дәуір» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінен. Бұл туралы Қазақпарат жазады.
Шара Ресей ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпараттар институтының директоры міндетін уақытша атқарушы, тарих ғылымының докторы Илья Зайцев дайындаған Ахмет Кенесариннің «Кенесар Қасымов пен Садық Кенесариннің тарихы» («Насаб-наме-йи султан Садык» - «Родословная султана Садыка») қолжазбасы көшірмесінің жарық көруіне арналған.
Даңқты қазақ билеушісі Кенесары Қасымов пен оның ұлы Садық жайындағы естеліктер жазылған бірегей қолжазба Қазақстан Елшілігі мен «Самұрық-Қазына Траст» әлеуметтік жобалар қорының қолдауымен Мәскеуде жарық көріп отыр.
А.Кенесариннің өзінің әкесі Кенесары хан мен Садық сұлтан жайындағы әңгімелерін Ресей географиялық қоғамы Түркістан бөлімшесінің мүшесі Е.Смирнов аударған және ол осыдан 130 жылға жуық уақыт бұрын 1889 жылы Ташкентте жарық көрген. Алайда түпнұсқа қолжазбаның тағдыры осы күнге дейін белгісіз болып келген еді.
Осы жылдар бойы құжат Мәскеудегі мемлекеттік тарих музейінің қолжазба дереккөздері бөлімінде сақталып келген және оны ресейлік тарихшы Илья Зайцев тапқан. Қолжазба араб әліппиімен қазақ тілінде жазылған.
Мемлекеттік тарих музейі директорының орынбасары Андрей Яновскийдің атап өтуінше, жарияланып отырған кітап қазақ халқы тарихындағы қызықты кезең жайында сыр шертіп, Кенесары хан мен оның ұлдарының өміріне қатысты мәліметтерді аша түседі. Сонымен қатар Хиуа, Бұқара және Қоқан хандықтары тарихымен байланысты кезеңдегі оқиғалар жайында тарихи мәліметтерді кеңейте түседі.
А.Яновскийдің айтуынша, осы жылдар бойы А.Кенесариннің қолжазбасы Мемлекеттік тарих музейінің қолжазба дереккөздері бөлімінде, Сырдария облысының әскери губернаторы Николай Гродековтың жеке қорында сақталған.
Шара барысында басылым авторы Зайцев кітапты жасау тарихына қатысты деректерімен бөлісті. Ол А.Кенесариннің түпнұсқа қолжазбасын 2004 жылы Мемлекеттік тарих музейінде «Мәскеулік жинақтардағы ислам қолжазба кітаптары» көрмесін дайындау барысында тапқан.
«Жарық көрген кітап орыс тарихнамасына қатысы жоқ. Бұл қазақ мәдениетінің жазба ескерткіші, онда қазақ халқының тарихи сана-сезімі баяндалған бастапқы дереккөзі сол уақыттың оқиғаларын қазақтың көзімен бағалауға мүмкіндік береді», - деді Зайцев.
Оның айтуынша, қолжазба бір адамның немесе бір отбасының ғана емес сонымен бірге мемлекеттің де тарихы саналады.
РҒА Ресей тарихы институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымының докторы, профессор Наиля Бекмаханованың айтуынша, Кенесары ханның рөлі мен тағдыры тарихтағы маңызды кезең саналады. Мұндай пікірді ММУ Азия және Африка елдерінің тарихы институты директорының орынбасары Орталық Азия және Кавказ кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының докторы Жібек Сыздықова да қолдап, басылымды әдеби мұра және Қазақстан тарихының бірегей дереккөзі деп бағалады.
Тарих ғылымының докторы Дина Аманжолова кітаптың бірегей басылым екендігін және зерттеушілер тарабынан зор қызығушылық туындататындығын баса айтты. Ол кітапты тек Қазақстан мен оның халқына ғана емес, сонымен бірге Ресей үшін де үлкен сыйлық болатындығын атап өтті.
Дөңгелек үстел аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, онда Кенесары ханның тағдырына, сол дәуірге арналған сирек кездесетін басылымдар көрсетілді. Екі шараға да көрнекті шығыстанушы ғалымдар, зерттеушілер, тарихшылар, Мәскеу жоғары оқу орындары шығыстану факультеттерінің студенттері және журналистер қатысты.
• 16 Ақпан, 2017
Мәскеуде қазақ ханы Кенесары туралы қолжазбаның түпнұсқасы жарық көрді

Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Банк • Бүгін, 14:48
Атырау облысында 584 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Қысқы Паралимпия ойындары: Ұлттық құрама тізіміне кімдер енді?
Қысқы спорт • Бүгін, 14:20
Қызылордада анасына қол көтерген қатыгез 6 жылға сотталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:19
Қостанайдағы онкологиялық ауруханаға «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды
Медицина • Бүгін, 14:02
Тұтынушылық несие нарығындағы қауіп: Берешек көлемі неге өсуі мүмкін?
Банк • Бүгін, 13:35
Технологиялық алпауыттар жасанды интеллектіге 700 млрд доллар инвестиция салды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:15
Дәрігерлер трактордың астына түскен ауыл тұрғынын аман алып қалды
Медицина • Бүгін, 13:00
Жеке зертханаларға жүргізушілерді тексеруге рұқсат берілмейді
Қоғам • Бүгін, 12:58
Тұрғын үй кезегі қалай жұмыс істейді?
Қоғам • Бүгін, 12:51
Петропавлда кәсіпкерді заңсыз тексерген шенеунік айыппұл арқалады
Оқиға • Бүгін, 12:40
«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы 1 наурызда аударылады
Банк • Бүгін, 12:23
Маңғыстауда «Қазақстан темір жолы» ұжымы референдумға қатысуды қолдады
Референдум • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалының әлеуетін арттырады
Қазақстан • Бүгін, 12:02