Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Назкен Өтешованың айтуынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 37-тармағы аясында қайтарылған.
«Былтыр жалпы аумағы 61,6 мың гектарды құрайтын 106 жер учаскесі мемлекетке өткізілді. Оның 55,3 мың гектары – жайылымдық, 2,2 мың гектары – егістік алқап. Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге мақсатта пайдаланылатын жер телімі 4,1 мың гектарды құрады. Биыл игерілмей жатқан мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару көзделіп отыр», дейді Назкен Өтешова.
Павлодарда құны 100 млн теңге тұратын жер мемлекетке қайтарылды