07 Сәуір, 2011

Ықыласты құттықтаулар, ізгі тілектер

2006 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет, үкімет басшыларынан, халық­ара­лық ұйым­дар­дың жетекшілерінен сайлаудағы жеңісіне бай­ла­нысты құттықтаулар келіп түсуде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісі­мен Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Сильвио Берлускони құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Аса құрметті Президент, қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді Қазақстан Президенті қыз­метіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сай­лау­дың нәтижесі – Қазақстан хал­қы­ның Сізге деген жоғары сенімі мен сүйіспеншілігінің айқын көрінісі. Сізге қазақстандықтардың игі­­лігі жо­лын­да та­бысты ең­бек және ха­лық­аралық аренада Сіздің елі­ңіз­дің беделі мен рөлі одан әрі арта беруін тілеймін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзай құттықтады. Құттық­тауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Жоғары Мәртебелі Қазақстан Президенттігіне қайта сайлануы­ңыз дана басшылығыңыздың еліңіз­дің халқынан кең қолдау тап­қа­нын көрсетеді. Ауғанстан халқы Жоғары мәр­тебелі басшылығымен жүзеге асы­рылып отырған Қа­зақ­стан­ның көмегін әр­дайым риза­шы­лық­пен қабыл­дай­ды. Ауғанстан мен Қазақ­стан ха­лық­тары ара­сын­да ор­нық­қан ты­ғыз байла­ныс­тарды жоғары бағалай келе, біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара іс-қимыл алда да кеңейе түсетініне сенемін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Өз­бекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Таяуда болып өткен сайлаудың нәтижесі Қазақстан халқының Сізге деген сенімі мен қолдауы­ның жоғары екендігінің айқын көрінісі. Көреген саясаткер және басшы ретіндегі Сіздің бай тәжірибеңіз бұ­дан былай да Қазақстан мүд­десіне, біз­дің елдеріміз бен ха­лық­тарымыз арасындағы достық және тату көр­ші­лестік қатынастарды нығай­ту­ға қызмет ете беретініне сенемін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмо­мали Рахмон құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бүгінде Қазақстанды халық­ара­лық аренада тек қана өз аза­маттарына бейбітшілік пен тұрақ­тылықты, қауіпсіздік пен гүл­де­нуді, үйлесім мен дамуды қам­та­масыз еткен мемлекет ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік қо­ғамдастық мү­ше­лерімен тығыз ынты­мақ­тастық пен жемісті серіктестікті орнық­тыр­­ған мемлекет ретінде бі­­леді. Қа­зақстан хал­қы Тәуел­сіздік жыл­дарындағы елде жүзеге асырылған орасан жаңаруларды Сіздің есіміңізбен тікелей байланыстырады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Иран Ислам Республикасының Президенті Мах­муд Ахмадинежад құттықтады. Құт­тық­тауда былай делінген: Жоғары мәртебелі, Сізді Қазақстан Республи­ка­сының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын ниетіммен құттықтаймын. Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы ара­сындағы достық қарым-қаты­нас­тар мен ынтымақтастық келешекте де та­быс­ты дами беретініне сенемін. Сізге мықты ден­саулық және табыс, Қазақстан халқы мен еліне бақыт пен игілік тілеймін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті Мевлют Чавушоглу құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Сізді Қазақстан Республи­ка­сының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жү­ректен құттықтауға рұқсат етіңіз. Байқаушылардың қорытын­ды­сына орай, Қазақстан әр өткізген сайлау барысында оның процесі елеулі жетілдіріле түскені атап өтілген. Өт­кен сайлау нәтижелері Қазақстан халқының қалауын білдіреді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Люксембург Ұлы Герцогтігі Премьер-министрі Жан-Клод Юнкер құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне Сіздің қайта сайлануыңызға байланысты Сізді шын жүректен құттықтауға, сон­дай-ақ Сіздің жоғары қызме­ті­ңізде жаңа жарқын істер мен жетістіктер тілеуге рұқсат етіңіз. Сізбен бірге біздің елдеріміз бен біздің халықтарымыз ара­сын­дағы достық байланыстарды ны­ғайтуға жә­не ын­ты­мақ­­тастық­ты кү­шей­ту­ге ұмты­ла­ты­ны­мыз­ға қуаныш­тымын. Мен үшін екі- жақты қа­рым-қатынастар мен халық­ара­лық күн тәртібіндегі мәселелерді Сізбен талқылау мүмкіндігіне ие болу үлкен құрмет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы тамаша же­ңісі­мен Оман Сұлтаны Кабус бен Саид құт­тық­тады. Құттықтауда былай делінген: Жоғары мәртебелі, Сізді Қазақстан Республикасы Пре­зиденті қызметіне қайта сай­ла­ну­ыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Осы мүмкіндікті пайдалана оты­рып, біздің халықтарымыз­дың игілігі үшін Қазақстан мен Оман Сұлтанаты арасындағы дос­тық байланыс­тар мен ын­ты­мақ­тас­тықты ны­ғай­туға деген біздің шы­найы ұм­ты­лысы­мыз­ды тағы да қуаттағымыз келеді.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы жарқын жеңісімен Түрік Республикасының Премьер-министрі Ред­жеп Тайип Эрдоған құттықтады.  Құт­тықтауда былай делінген: Жоғары мәртебелі, сайлаудың нәтижесі Қазақ­стан халқының Сіздің осы күнге дейін ұстанған саяси және әлеу­мет­тік бағыт-бағдарыңызды қол­дай­тынын айқындайтын маңызды көрсеткіш екені даусыз. Қазақ­стан­ның алдағы кезеңдерде Сіздің басшылығы­ңызбен гүлдену жо­лын­дағы нық қадамдарын одан әрі жалғастыра түсетініне толық сенімдімін. Елдеріміз арасындағы бауыр­лас­тық сезімдер мен ортақ тіл, мәдениет және тарихи байланыс­тар­дан күш алатын мызғымас қарым-қа­ты­настар мен ынтымақтастық ха­лық­тарымыздың мүддесі үшін арта түседі және өңіріміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет етеді деген сенімдерді осы орайда тағы да бір рет қуаттағым келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассам­блея­сының Бас хатшысы Рамил Һасанов құт­тық­тады.  Құттықтауда былай делінген: Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сайлау нәтижелері өз бо­ла­шағы мен үкілі үмітінің келешектегі қарқынды әлеуметтік және эконо­микалық дамуын Өзіңіздің есіміңіз­бен байланыстыратын Қа­зақстан халқының Сізге деген ай­рықша сенімін мейлінше ай­ғақ­тайды. Біз Сізді әлемдегі зор құрмет пен абырой-беделге ие дана, ұста­нымы берік саясаткер ретінде білеміз. Өңірлік лидер бола отырып, Қа­­зақ­стан түр­­кі қоғам­дас­тығына кі­ретін бау­ырлас ел­дер­дің көп қырлы өзара іс-қимылын жан-жақты дамытуға бағытталған қыз­ме­тінде басты рөлдердің бірін атқарады. Сіздің белсенді ұстаны­мыңыз алды­мыз­да тұрған міндеттерді оңтайлы шешуге тиімді жол салуға мүм­кіндік беретініне сенемін.