Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаты Тьери Марианимен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Д.Назарбаева мейманға Президент өкілеттігінің бір бөлігін заң шығару және атқарушы билік тармақтарына беруді көздейтін Қазақстандағы конституциялық реформалар туралы, сондай-ақ Үкіметтің Парламент алдында есептілігін арттыру туралы әңгімеледі. Биылғы жылғы Францияда болатын президент сайлауы туралы пікір алмасылды.
Т.Мариани Еуразиядағы интеграциялық үрдістерге назар аударды. Осыған байланысты Д.Назарбаева ЕАЭО мен Еуропалық одақ арасындағы үнқатысудың өрістеуіне үміт артатынын, ол экономикалық, сауда және гуманитарлық байланыстарды дамытуға оң ықпал ететінін жеткізді.
Кездесу барысында екі мемлекет бетпе-бет келіп отырған терроризм мәселесіне де назар аударылды. Д.Назарбаева бұл қатермен күрес Қазақстанда қалай жүріп жатқаны туралы хабардар етті. Француз парламентшісі Қазақстан мектептерінің тәжірибесін, жастарға теріс насихат жүргізудің алдын алуға мүмкіндік беретін тарих пен дінтану негіздерін оқыту бағдарламасымен танысуға ықыласты екенін жеткізді. Сондай-ақ, құқықтық мәселелер, атап айтқанда, Таяу Шығыстағы террористік топтарға қосылған адамдардың азаматтығын шектеу мүмкіндігі де талқыланды.
Д.Назарбаева француз парламентшісін Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келуге шақырды және шара аясында шетелдік компанияларға арналған ауқымды мүмкіндіктерді атап өтті. Т.Мариани өз кезегінде қазақстандық әріптестерін 6 наурызда Парижде өтетін «Франция аймақтарының Орталық Азия елдерімен экономикалық ынтымақтастығының келешегі» конференциясына қатысуға шақырды. Д.Назарбаева біздің мемлекеттеріміз арасындағы экономикалық байланыстарға қосымша серпін беретін форумға Сенат делегациясының қатысатынын айтты.

Тұтынушылық несие нарығындағы қауіп: Берешек көлемі неге өсуі мүмкін?
Банк • Бүгін, 13:35
Технологиялық алпауыттар жасанды интеллектіге 700 млрд доллар инвестиция салды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:15
Дәрігерлер трактордың астына түскен ауыл тұрғынын аман алып қалды
Медицина • Бүгін, 13:00
Жеке зертханаларға жүргізушілерді тексеруге рұқсат берілмейді
Қоғам • Бүгін, 12:58
Тұрғын үй кезегі қалай жұмыс істейді?
Қоғам • Бүгін, 12:51
Петропавлда кәсіпкерді заңсыз тексерген шенеунік айыппұл арқалады
Оқиға • Бүгін, 12:40
«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы 1 наурызда аударылады
Банк • Бүгін, 12:23
Маңғыстауда «Қазақстан темір жолы» ұжымы референдумға қатысуды қолдады
Референдум • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалының әлеуетін арттырады
Қазақстан • Бүгін, 12:02
Интернет алаяқтарға алданғандар оқиғасы: Жиі кездесетін қателіктер мен кеңестер
Қоғам • Бүгін, 11:50
Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 11:45
Пәтердің техникалық паспорты жойыла ма?
Қоғам • Бүгін, 11:37
2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады
Инвестиция • Бүгін, 11:29
Маңғыстаудағы «Қазазот» қызметкерлері референдумда дауыс береді
Референдум • Бүгін, 11:22