Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың биылғы 25 қаңтарда жариялаған билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуінде айтылған жағдаяттар заман талабымен сәтті үндеседі. Ол мемлекеттік басқару жүйесін уақыт сұранысына сай құруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан басшысы тарапынан ұсынылған бірқатар саяси реформалар мен құқықтық жүйені жетілдіру тұрғысындағы қадамдар Еуропа мемлекеттерінен қолдау табуда. Өйткені, Қазақстан Республикасы бет бұрғалы отырған мемлекеттік басқару жүйесі Еуропа елдеріне жат емес. Бұл жүйе мемлекеттік міндеттерді лайықты орындауға мүмкіндік береді.
Осылайша, Президент Н.Назарбаевтың саяси жаңғырту жөніндегі бастамалары еуропалық стандарттарға сәйкес, көп деңгейлі мемлекеттік басқаруды дамытуға бағытталған маңызды шешімдер ретінде бағалануда.
Ласло МАРАШ,
Амстердам университетінің профессоры (Голландия), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры
* * *
Жақында Қазақстанда саяси жүйені реформалау жөнінде бастама көтерілді. Бұл қадам елдің орнықты дамуын нығайта түсетіні сөзсіз. Осынау мәлімдеме Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан жасалды. Бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың нағыз Мемлекет басшысы екенін білдіреді.
Жаңа Қазақстан демокра-тиялық үдерістерді одан әрі дамыта түсуге ниетті. Осы орайда, қолға алынған бұл нақты жобада Президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерістерге қатысты бірқатар өкілеттіктерін Үкімет пен Парламентке беру көзделген. Бұл өз кезегінде Үкімет пен Парламенттің рөлін күшейтеді. Президент осы қадам арқылы Үкіметтің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруды қалайды. Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың, жауапты тұлғалардың ел алдындағы жауапкершілігінің арта түсуі Қазақстанды одан әрі нығайтады.
Конституциялық Кеңестің, сот жүйесінің және прокуратураның қызметін жетілдіре түсу бұл үдерісте үлкен маңызға ие. Сондай-ақ, Үкімет пен Парламент рөлінің күшеюі, саяси жүйенің мейлінше демократиялануы Қазақстанды «ашық үкімет» құруға алып келеді.
Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бағытты таңдағанын толық қолдаймын. Өйткені, бұл қадам Қазақстанның орнықты дами беруіне негіз болады.
Ахлак Ахмед УСМАНИ,
NDTV телеарнасының сарапшысы (Үндістан)
* * *
Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып отырған саяси реформалар ел дамуының тарихи тәжірибесін ескеріп, саяси жүйенің орнықтылығын арттыратынына және осы заманғы қатерлерге қарсы тиімді әрекеттер жасай алатынына сенімдімін.
Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев әлі де өзінің қарауына ұлан-ғайыр өкілеттіктерді қалдырып отыр. Мәселен ол, сыртқы саясат мәселелері мен әлеуетті күштер ведомстволарына бақылау жасауды өзінің өкілеттігіне қалдырды. Бұл күтілген шешімдер еді, алайда, Президенттің Жұмыс тобының ұсыныстарына аса жедел уақытта жауап бергендігі таң қалдырады.
Ұсынылған реформалар енді Қазақстандағы билік жүйесін суперпрезиденттік республикадан (де-факто) парламенттік-президенттік жүйеге (де-юре) ауыстыруды көздейді. Осы жаңалықтар Президенттің 31 қаңтарда Қазақстан халқына жариялаған жаңа Жолдауында да көрініс тапқан.
Андрей РУСАКОВИЧ,
«Сыртқы саясат және қауіпсіздікті зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы (Беларусь)

Новороссийск портына жасалған шабуыл қазақ мұнайының экспортына әсер етті ме?
Экономика • Бүгін, 18:00
Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді бөлу уақытша тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 17:50
Шығыс Қазақстан облысында 3 жұмысшы газдан уланды
Оқиға • Бүгін, 17:46
Электр энергиясы нарығы үшін электронды шот-фактура жазып беру мерзімі кейінге шегерілді
Энергетика • Бүгін, 17:37
Ақсу қаласында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 17:21
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан қытайлық қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді
Бокс • Бүгін, 17:02
Ақтауда 40 келі қызыл балықты заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды
Экология • Бүгін, 16:50
Алматы полициясы азаматтық көлікпен жасырын рейд жүргізіп жатыр
Алматы • Бүгін, 16:22
Астананың қай бөлігінде жаңа саябақ пен гүлзарлар ашылады?
Елорда • Бүгін, 15:58
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:54
Тәулігіне 206 мың баррель: ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін арттыруға келісті
Әлем • Бүгін, 15:30
Алматыда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды
Өндіріс • Бүгін, 15:28
Ресей билігі ірі компаниялардан VPN қолданушыларын шектеуді талап етті
Технология • Бүгін, 15:23
«Артемида-2» миссиясы: Ғарышкерлер Айға жақындап қалды
Әлем • Бүгін, 15:10