Егемен еліміздің қазіргі әлемдегі болып жатқан өзгерістерге бейімделуі және 2050 жылға қарай әлемдегі ең озық 30 мемлекеттің қатарына қосылуы үшін Президенттің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері туралы халыққа Үндеуі және баспасөз беттерінде жарияланған Президенттің Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кең ауқымды Жолдауы қазіргі заманның талабына сай жасалған орынды да және тарихи қадам болып табылады.
Елбасы атап өткендей, Қазақстанның бірінші жаңғыру кезеңі Тәуелсіздік алған жылдардан басталады. Оған экономикамыздың нарыққа көшіп, жоспарлы экономикалық кезеңнен шығып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекеттің құрылуы уақытын жатқызамыз.
Екінші жаңғыруымыздың кезеңі «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынуымен ерекшеленеді.
Енді Мемлекет басшысы еліміздің үшінші жаңғырту жолдарын айқындап берді. Оның себебі, экономикамызды жаңа жағдайға, әлемдік бәсекелестікке бейімдеуіміз керек.
Үшінші жаңғыру экономиканың технологиялық жаңаруына және инновациялық салаға күш-қуатты беру керек. Ал жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты – инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу.
Сонымен қатар, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру керектігі айтылған. Олар: өнеркәсіп, АӨК, көлік және логистика, құрылыс секторлары. Осы салаларға төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыруға болады. Оларға автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтермен» алмасу жатады.
Тағы бір басымдық, ол – шағын және орта бизнесті дамыту. 2050 жылға дейін кәсіпкерліктің өнімін ішкі жалпы өнімге шаққанда 50 пайызға жеткізу. Осы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, адам капиталын дамытып, өркениетті елдермен бәсекелестікті күшейту болмақ. Әлеуметтік саланы дамытып, жұмыссыздықты азайтып, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етіп, зейнетақы мен балаға төленетін жәрдемақыны еселеп көбейтіп, қоғамымызды болашақта алға ұмтылдыру керек.
Айтылған бағыттардың қай-қайсысы да жауапкершілік пен кәсібилікті талап етеді. Сондықтан, елімізде мемлекеттік басқару ісін әрі қарай жетілдіру керектігі анық.
Бұл туралы Елбасы өзінің халыққа Үндеуінде атап айтқан болатын. Үндеуге сәйкес, билік өкілеттіктерін бөлу барысында 40-қа жуық президенттік құзыреттер Парламентке немесе Үкіметке беріледі. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясына және конституциялық заңдарға тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асатын болады.
Оның ішінде, Президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттейтін біршама өкілеттіктері Парламент пен Үкіметке және атқарушы органдарға беріледі. Парламенттің мәртебесі айтарлықтай күшейіп, сайлауда жеңіске жеткен партия Үкімет құрамын жасақтауға түбегейлі ықпалын тигізеді. Бұл, өз кезегінде Министрлер кабинетінің депутаттар корпусы алдындағы жауапкершілігін арттырады.
Ұсынылып отырған реформа демократиялық даму жолындағы батыл қадам, сондай-ақ, бұл шешім, мемлекеттік басқарудың тиімділігін жетілдіре түседі және атқарушы билік пен өкілетті биліктің арасында конституциялық деңгейде тепе-теңдік орнатады. Парламент пен Үкіметтің ел алдындағы жауапкершілігін арттырады.
Бұл реформа оған Қазақстанның әрбір азаматының қатысуын талап етеді, сондықтан, барша қазақстандықтарды мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелерін талқылауға белсенді қатысуға және Елбасының биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыруға үлес қосуға шақырамын.
Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты

Интернет алаяқтарға алданғандар оқиғасы: Жиі кездесетін қателіктер мен кеңестер
Қоғам • Бүгін, 11:50
Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 11:45
Пәтердің техникалық паспорты жойыла ма?
Қоғам • Бүгін, 11:37
2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады
Инвестиция • Бүгін, 11:29
Маңғыстаудағы «Қазазот» қызметкерлері референдумда дауыс береді
Референдум • Бүгін, 11:22
Өткен жылы Қазақстан зауыттары 171 мыңнан астам көлік шығарды
Экономика • Бүгін, 11:18
Еліміздің мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай 40 млн тоннаға жетеді
Энергетика • Бүгін, 11:11
Облигация әлде депозит: Жинақты қайда сақтаған тиімді?
Экономика • Бүгін, 11:00
Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады
Үкімет • Бүгін, 10:48
9 ірі жоба толық іске қосылғанда өндіріс көлемі еселеп артады
Өндіріс • Бүгін, 10:38
Блогердің жазбасынан кейін Рудный ауруханасына жоспардан тыс тексеру басталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:35
Түркістан облысында заңсыз темекі өндірген 3 жасырын цех анықталды
Аймақтар • Бүгін, 10:18
Отандық су үнемдеу технологиясы: Ғалымдар әзірлеген құрылғылар нарыққа қашан шығады?
Қоғам • Бүгін, 10:04
Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:02
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:43