17 Ақпан, 2017

Қоғам қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейді

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Үкіметі үйінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев шара барысында бірінші кезекте Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасы ел мұсылмандарының ба­сын қосып отырған және қо­ғам­ның ауызбіршілігі мен тұ­рақ­­тылығын нығайту ісінде ма­ңыз­­ды жұмыстар атқарып келе жат­қан діни бірлестік екенін айта келіп, «Біздер дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шара­лар­да Діни басқармамен жан-жақ­ты өзара іс-қимыл жасайтын боламыз. Келісімге қол қоюымыздың бас­ты себебі де осы», – деді министр. Сондай-ақ, Н.Ермекбаев Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында ай­тыл­ған қоғам қауіпсіздігін қам­тамасыз ету үшін діни экстремизмді насихаттаудың алдын алуда және өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу ісінде министрліктің ҚМДБ-мен көптеген іс-шара­лар­ды бірлесіп атқаруды көздеп отыр­ғанын жеткізді. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өз кез­егінде бұл Ынтымақтастық ту­ралы келісім Мүфтият пен мем­­лекет арасындағы ынта­мақ­­тас­­тықты нығайтуға жол аша­ты­нын айтты. «Бүгін қол қойыл­ған Ынтымақтастық туралы ке­лі­сім екі тарапқа тұрғындар ара­­сында дәстүрлі рухани құн­дылықтарды насихаттауға және діни экстремизм мен терро­ризм­нің алдын алуға бағыт­тал­­ған ақ­параттық-түсіндіру жұ­мыс­тар­ын қарқынды жүргізуге мүм­кін­­дік береді. Сайып келгенде, дін саласындағы уәкілетті ор­ган­­мен бірлесіп іске асырылатын жұмыстар жастарымыздың бой­ын­да зайырлы мемлекеттің қа­­ғидаттарына сәйкес келетін ру­­хани құндылықтарды қалып­т­ас­тыруға негіз болады», деді ол. Соңында Дін істері және аза­мат­тық қоғам министрі мен Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасының төрағасы аталған ке­лісімді қол қойып, бекітті. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар