Футбол жанкүйерлері түн ұйқысын төрт бөліп көретін УЕФА чемпиондар лигасы деген турнир бар. Екі айлық үзілістен кейін бұл дода осы аптада қайта жалғасты.
Чемпиондар лигасының 2016/17 жылғы маусымының топтық кезеңі өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған еді. Осы аптада плей-офф бәсекелері басталды. Топтан суырылып шыққан 16 мықты өзара ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады.
• Кесте бойынша бұл аптаға 4 ойын жоспарланған. Сейсенбі күні Франция мен Испания чемпиондары кездесті. Златан Ибрагимович кеткен соң, Париж командасы ПСЖ әлсіреп қалғандай көрінген еді. Алайда, швед сұрмергенінің орнын жоқтатпайтын футболшылар аз емес екен.
«Парк де Пренс» стадионында алаң иелері «Барселонаны» қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Есепті бірінші таймның ортасында айып соққысын дәл орындаған Анхель Ди Мария ашты. Үзіліске дейін Марко Верраттиден пас алған неміс футболшысы Юлиан Дракслер есепті еселей түсті. Осы күні өзінің 29-шы туған күнін тойлаған Ди Мария екінші таймда дубльдің авторы атанды. Матчтағы соңғы голды шабуылшы Эдинсон Кавани өз атына жазды.
Топтық кезеңде 10 доп соққан аргентиналық супержұлдыз Лионель Мессиді 21 жастағы француз қорғаушысы Преснель Кимпембе «тұсап» тастады. Сондай-ақ, сұрмерген Суарес пен дриблингтің шебері Неймар да алаңнан бастары салбыраған күйде кетті.
Қарымта ойын 8 наурызда «Камп Ноу» стадионында өтеді.
• Португалия астанасы Лиссабондағы «Бенфика» мен «Боруссия Д» арасындағы ойын да алаң иелерінің пайдасына шешілді. Матчтағы жалғыз голды грекиялық шабуылшы Костас Митроглу соқты. Немістердің таразы басын теңестіретін мүмкіндігі болған. Бірақ, Пьер-Эмерик Обамеянг 11-метрлік пенальтиден мүлт кетті. Осы ойында ерекше көзге түскен «Бенфика» қақпашысы Эдерсонға қандай мақтау айтса да жарасады.
• Сәрсенбі күні Мадридтің «Реалы» өз алаңында Италиядан келген «Наполиді» қабылдады. Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы бірінші болып гол жіберіп алғанымен, есін тез жиып үлгерді. Алдымен 19-минутта Бензема таразы басын теңестірсе, үзілістен кейін Кросс пен Каземиро мергендік танытты. Сөйтіп, «Реал» бірінші кездесуді екі доп айырмашылығымен аяқтады. Бұл матчта Каземиро, Роналду, Бензема, Кросс белсенді ойнады.
• ПСЖ секілді «Бавария» да ширек финалға бір табан жақындай түсті. Биылғы жылы тағы да «Арсеналмен» жолы түйіскен «неміс машинасы» қарсыласын аяған жоқ. Бұған дейін Арсен Венгер шәкірттері 1/8 финалда алты мәрте «ұшып» кеткен. Оның ішінде 2012/13 және 2013/14 жылдардағы маусымда дәл осы «Баварияға» есе жіберіп қойған болатын.
Ойынға қысқаша тоқталатын болсақ, бірінші тайм тең аяқталды. Роббеннің голына Санчес үзіліске дейін жауап қайтарды. Бірақ, екінші таймда Германия чемпионын тоқтату мүмкін болмады. Тиаго Алькантара дубль жасаса, Левандовски мен Мюллер бір-бір голдан соқты.
Енді келесі аптада тағы 4 ойын өтеді:
«Манчестер Сити» (Англия) – «Монако» (Франция);
«Порту» (Португалия) – «Ювентус» (Италия);
«Байер» (Германия) – «Атлетико» (Испания);
«Севилья» (Испания) – «Лестер» (Англия).
Матчтар нәтижелері:
ПСЖ – «Барселона» – 4:0
Голдар: Ди Мария, 18 (1:0). Дракслер, 40 (2:0). Ди Мария, 55 (3:0). Кавани, 72 (4:0).
«Бенфика» – «Боруссия Д» – 1:0
Гол: Митроглу, 48 (1:0).
«Реал» – «Наполи» – 3:1
Голдар: Инсинье, 8 (0:1). Бензема, 19 (1:1). Кроос, 49 (2:1). Каземиро, 54 (3:1).
«Бавария» – «Арсенал» – 5:1
Голдар: Роббен, 11 (1:0). Санчес, 30 (1:1). Левандовски, 53 (2:1). Алькантара, 56, (3:1). Алькантара, 63, (4:1). Мюллер, 88 (5:1).
Диас ЕРКЕБҰЛАН,
журналист
АСТАНА
• 17 Ақпан, 2017
«Барселона» тізерлеп, «Арсенал» тас-талқан болған күн

Новороссийск портына жасалған шабуыл қазақ мұнайының экспортына әсер етті ме?
Экономика • Бүгін, 18:00
Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді бөлу уақытша тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 17:50
Шығыс Қазақстан облысында 3 жұмысшы газдан уланды
Оқиға • Бүгін, 17:46
Электр энергиясы нарығы үшін электронды шот-фактура жазып беру мерзімі кейінге шегерілді
Энергетика • Бүгін, 17:37
Ақсу қаласында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 17:21
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан қытайлық қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді
Бокс • Бүгін, 17:02
Ақтауда 40 келі қызыл балықты заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды
Экология • Бүгін, 16:50
Алматы полициясы азаматтық көлікпен жасырын рейд жүргізіп жатыр
Алматы • Бүгін, 16:22
Астананың қай бөлігінде жаңа саябақ пен гүлзарлар ашылады?
Елорда • Бүгін, 15:58
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:54
Тәулігіне 206 мың баррель: ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін арттыруға келісті
Әлем • Бүгін, 15:30
Алматыда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды
Өндіріс • Бүгін, 15:28
Ресей билігі ірі компаниялардан VPN қолданушыларын шектеуді талап етті
Технология • Бүгін, 15:23
«Артемида-2» миссиясы: Ғарышкерлер Айға жақындап қалды
Әлем • Бүгін, 15:10