Облыс орталығындағы Қамзин мен Гагарин көшелерінің қиылысында тағы да құбыр жарылды. Көше толы су. Қала әкімдігі тұрғындарды ауыз сусыз қалдырмас үшін мамандар жұмыс істеуде деп хабарлады.
Қамзин, Гагарин көшелерінің бойындағы тұрғын үйлерге, Қамзин мен Семенченко көшелерінің бойындағы жеке сектордағы үйлерге су беру уақытша тоқтатылды. Тұрғындардың айтуынша, бұл аралықта құбыр жиі жарылады екен. Ал қалалық «Су арнасы» ЖШС былтыр бұл жердегі әбден тозығы жеткен құбырларды ауыстырып, жөндемек болыпты. Бұған дейін, яғни 12-13 ақпанда Ломов көшесі бойындағы су құбыры жарылып, апат орын алғанын жаздық. Пәтерлеріміз сусыз, жарықсыз қалған-ды. Мектептерде сабақ тоқтап, балабақшалар жабылды. Тек 13 ақпан күні ғана қалаға су берілген. Қазір мұз қатқан жаяу жүргіншілер жолы мен көшелерге құм себіліп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Былтыр да құбырлар жарылып, қақаған қыста облыс орталығының 7,5 мың тұрғыны 5 күн бойы суық пәтерлерде қалған еді. Енді, міне, тағы сол жағдай қайталанып отыр.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР

Қоғам • Кеше
Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шығып қалды
Спорт • Кеше
Ертең еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркияда Қазақстан азаматы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 400 адам қатысқан марафон өтті
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстан облысында 3 жұмысшы газдан уланды
Оқиға • Кеше