Оңтүстік Қазақстан облысында үш миллионға жуық халық тұрса, негізін жергілікті ұлт құрайды. Облыстың бірқатар аудандарында өзге ұлттың өкілдерін емге іздесеңіз де таппайсыз.
Ресейде «Көк кит» деген сойқан ойын басталғанда бір әріптесіміз әлеуметтік желіге «Көк кит» орысша білмейтіндерге қорқынышты емес екен» деп әзілдеп жазған. Олай емес екен. Талай жасөспірімді аздаған уақыттың ішінде өзіне қол жұмсауға апарған жантүршігерлік ойын Оңтүстік жастарына да жетіпті.
Жақында қалалық білім басшылығы мен ата-аналар жиынында облыс прокуроры бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Хали Маматаев мынадай дерек келтірді. Соңғы бір аптада 8 жасөспірім мен кәмелет жасына толған бір тұрғынның туыстары ішкі істер органдарына көмек сұрап, арызданғанын айтты. Олардың айтуынша, балаларына түнде белгісіз біреулер қоңырау шалып, «Көк кит» ойынын ойнауға үгіттеген.
– Бізге белгілі болғандай, жасөспірімдердің ұялы телефондарына қоңырау шалып, оларды қорқытып, ойынға үгіттегендер қазақ тілінде хабарласқан. Оларға «ойнамасаң сенің әпкеңді, ағаңды не болмаса басқа да туысыңды өлтіріп кетеміз» деп қорқытқан. Осыған орай, облыстық Ішкі істер департаментінің білікті мамандарынан арнайы топ құрылды. Хабарласқандарды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, аталмыш 9 дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 3-тармағымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Осы жерде тағы бір ескерте кететін мәселе, күдікті тұлғалардың кінәлары дәлелденсе, олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады. Мұндай әрекеттерге жол бергендер қатаң жазаланады, – деді ол.
Ата-аналар мен білім бөлімінің басшылары бас қосқан жиында сақтық шаралары жайында ұсыныстар айтылды. Солардың бірі – жасөспірімдердің қолындағы қымбат смартфондарды қарапайым байланыс құралдарына ауыстыру.
Білім бөлімінің басшылары да осы ұсынысты қолдап отыр. Енді мектепте жас жеткіншектерге смартфон ұстауға тыйым салынады. Бұл бір жағынан баланың құқын шектеу сияқты көрінгенімен, олардың өмірін сақтап қалудан маңызды емес. Смартфонды тәркілеу бар мәселені шешпейді. Ендігі мәселе, ата-аналар мен ұстаздардың жиі бас қосып, осы індетпен күресуде жүйелі жұмыс жүргізе алуында болып отыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанның 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері ЖИ бойынша білім алады
Технология • Бүгін, 19:38
Кесар тілігінің зардабы қандай?
Медицина • Бүгін, 18:34
Жобалық кеңсе ЭКСЖ жоспар-кестесін орындау бойынша артта қалған өңірлерді атады
Энергетика • Бүгін, 18:15
Бала тілінің кеш шығуына не себеп?
Қоғам • Бүгін, 18:05
Батыс Қазақстан облысына құлаған дрон қай елге тиесілі?
Аймақтар • Бүгін, 17:49
Ішкі істер министрлігі: Полиция қызметкерлеріне күш қолданған барлық тұлғалар қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Қытайда ЕҰУ стандарттарына негізделген жаңа институт ашылды
Білім • Бүгін, 16:57
Кене энцефалитінен қалай қорғану керек?
Қоғам • Бүгін, 16:48
Депутат қаңғыбас иттерден құтылудың жолын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 16:25
Әзербайжан жағалауында магнитудасы 5,4 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 16:13
Италияға саяхат және қымбат техника: Астанада емхана басшылығы бюджет қаржысын жымқырған
Медицина • Бүгін, 15:59
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы: Ақтөбе облыстық филармониясының хоры Алматыда өнер көрсетті
Мәдениет • Бүгін, 15:47
Астанада 13 елден келген студент ЖИ технологиялардың заң жүйесіне әсерін зерттеді
Білім • Бүгін, 15:34