Талдықорған қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» пен өзбекстандық «Ozbek tigers» командалары қолғап түйістірді. Шаршы алаңға екінші болып қазақстандық Закир Сафиуллин мен өзбек боксшысы Муроджан Ахмадалиев шықты.
Кездесудің біірінші раундында Муроджан Ахмадалиев жабық ойын көрсетті. Отандасымыз негізінен алға ұмтылумен болды. Дегенмен, өзбек боксшысы ұрымтал тұстарда соққыларын бағыттап қалуға тырысып бақты.
Кездесудің екінші раундында Муроджан қателіктерін толтырып, шабуылдамақ болған. Бірақ Закирдің мысы басып, өзбекстандықтың жоспарын жүзеге асыруына мүмкіндік бермеді.
Үшінші раунд та дәл осы бағытта өрбіді. Жерлесіміз қарсыласын қорғаныстан шығармай төмпештеумен болды. Ара-тұра қарсы соққылармен бағыттағанмен, басымдыққа ие болмады. Дегенмен, төрешілердің екеуі раунд қорытындысында өзбекстандықты жеңіске лайық деп есептеген екен.
Төртінші раундта қос спортшы ашық боксқа шықты. Бірақ отандасымыздың маңдайына, қабырғасына бағыттаған соққыларынан өзбекстандық боксшы есеңгіреп қалатындай көрінді.
Соңғы үш минутта да Сафиуллин дөп соққылары басым болды. Муроджан тіпті, тізерлеп құлағанмен, төреші оны есепке алмады. Қорытындысында ринг иесі Закир Сафиуллин жеңіске жетті.
• 18 Ақпан, 2017
Дүниежүзілік бокс сериясы: Закир Сафиуллин өзбек боксшысынан басым түсті

Таразда екі зауыт іске қосылды
Өндіріс • Бүгін, 08:20
Көрме • Бүгін, 08:17
Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек
Қоғам • Бүгін, 08:15
Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады
Саясат • Бүгін, 08:12
Аңдатпа • Бүгін, 08:10
Бауырлас елдердің байланысы беки түседі
Саясат • Бүгін, 08:07
Театр • Бүгін, 08:05
Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді
Саясат • Бүгін, 08:02
Әлем • Бүгін, 08:00
Ынтымақтастықты арттыруға ынталы
Саясат • Бүгін, 07:58
Мирас • Бүгін, 07:55
Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады
Саясат • Бүгін, 07:53
Өнер • Бүгін, 07:50
Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады
Экономика • Кеше