18 Ақпан, 2017

Павлодарда жол апатының алдын алған полицей есін жиды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Павлодар облысында балалар автобусын апаттан аман алып қалған полицей есін жиды, деп хабарлайды tengrinews.kz Жанқиярлық ерлікпен жол апатының алдын алған полицейлердің бірі ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. 34 жастағы полиция сержанты Мұрат Нұрсейітовтің әріптестері оның комадан шыққанын айтты. «Мұрат есін жиды, жағдайы жақсарды. Бірақ ол әлі де жансақтау бөлімінде жатырй, – деді полиция қызметкерлері. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер де зардап шеккен ер адамның есін жиғанын растады. Бірақ оның жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр. Еске сала кетейік, Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты шығарып салып бара жатқан. Балалар Павлодардағы шаңғы жарысына бағыт алған. Павлодар-Астана автожолында Қалқаман ауылының маңында 50 жастағы КамАЗ жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Жүк көлігі мен балалар отырған автобус соғыспауы үшін полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ойланбастан қызметтік көлікті жолға көлденең бұрып үлгерген. Нәтижесінде КамАЗ полицияның қызметтік көлігін соққан.