19 Ақпан, 2017

Қытайда тұңғыш робот-полицей қызметіне кірісті

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қытайдың Хэнань провинциясында тұңғыш робот-полицей қызметіне кірісті. Ол Чжэнчжоу қаласының теміржол вокзалындағы күту залын күзетеді, деп хабарлайды lenta.ru. Робот-полицей өз бетімен берілген ауданды күзетеді, адамдардың бет-әлпетін сканерлеп және ажыратып, жолаушылардың сұрақтарына жауап бере алады. Сондай-ақ ол ауа температурасын анықтап, өрт қаупін ескертеді. Әзірге робот тестілеу режимінде іске қосылған. Жақын арада оны түнгі мезгілде жұмыс істету жоспарлануда. Себебі түнде күту залында жолаушылар көп болады.
Соңғы жаңалықтар

Өрнекпен өрілген өнер

Өнер • Бүгін, 08:05