19 Ақпан, 2017

Шығыс Қазақстанда 110 елді мекенді су басу қаупі бар

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарындағы қардың мөлшері нормадан 1,5-2 есе асқан. Қардың шамадан тыс көп болуы 110 елді мекенде су тасқыны қаупін туындатып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Әдетте, су тасқыны кезеңінде ең қиын жағдайға Зыряновск және Қатонқарағай аудандары тап болады, сондай-ақ табиғи апат сәуірдің соңы мен мамыр айының бас кезінде орын алуы ықтимал, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің бастығы Алексей Штыкель. – Бұдан басқа, таулы өзендердің көптігіне байланысты Тарбағатай, Үржар, Зайсан аудандарында су тасу қаупі сақталады». Маманның айтуынша, аймақтағы 110 елді мекенде көктемгі су тасқыны болуы ықтимал.