19 Ақпан, 2017

Қазақстан мен Иран спортты бірлесіп дамытуға келісті

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындары аясында ҚР Олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаев пен Иран Олимпиада комитетінің президенті Кумарс Хашеми екі жақтылы спортты дамытуға арналған келісім хатқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тараптар алдағы уақытта Иран мен Қазақстан спортшылары арасында бірлескен оқу-жаттығуларын жиі өткізу қажет деп шешті. Еске сала кетейік, бүгін жергілікті уақытпен 16:00-де Азиада ойындарының ашылу салтанаты басталады. VIII қысқы Азия ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Жарыста 31 елдің спортшылары 11 спорт түрінен 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. Спортшылар шеруінде еліміздің жалауын шаңғы жарысынан бес дүркін Қазақстан чемпионы Ердос Ахмадиев ұстап шығады. Отанымыздың намысын қорғауға 153 спортшы барды. Айта кетейік, кеше алғашқы іріктеу сындары басталған болатын. Онда хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы жергілікті спортшылармен бақ сынасып, өкінішке қарай, 0:5 есебімен ұтылып қалды. Ал ертең, яғни 20 ақпан күні хоккейші аруларымыз қытай құрамасымен ойнайды.