08 Сәуір, 2011

Дара тұлға

691 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

(Елбасы Н.Назарбаевқа)

Өлеңі мен әнін жазған

Марфуға АЙТХОЖИНА, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Жарқылдап жанарыңда жалын ойнап, Жүргенің қалың жұрттың қамын ойлап. «Елбасы, аман болсын», деп тіледі, Айбынды – Қазақ елі, Ару – аймақ! Қайырмасы: Елбасы, Тәуелсіз ел, Бәйтерегі, Бұл дала, Бәйтерексіз қайтер еді?! Тәуелсіз күнмен бірге бар әлемге, Танылды қазағымның Қайсар елі!   Тебірентіп тауларымды асқаралы, Тербейді ән, Алматы мен, Астананы! Қолдасын аруағы, Ер-Бабаңның, Тәуелсіз – Ғасыр Сізбен басталады! Қайырмасы: Жаңартып даласын да, қаласын да, Еліңді бастап жүрсің жаңа шыңға. Аман бол, Бар қазақтың бақыты үшін, Заманнан асып туған, Дара тұлға!