19 Ақпан, 2017

Қорғаныс министрі ауруханадағы әскерилердің жағдайын біліп қайтты

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қорғаныс министрі Тараз қаласындағы әскери госпитальде болып, Көксай шатқалында қар көшкінінен зардап шеккен әскерилердің жағдайын біліп, қаза болған сарбаздардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты. Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасузақов қар көшкінінен зардап шеккен әскери қызметшілердің хал-жағдайын білу үшін Тараздағы әскери госпитальға барды. Қазіргі уақытта әскери госпитальде сарбаздарға қажетті барлық мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген, әскери қызметшілердің жағдайы тұрақты. Сондай-ақ, әскери ведомство басшысы қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті. Қорғаныс министрі мерт болған азаматтардың отбасылары мен туған-туысқандарына көңіл айта отырып, олардың әрқайсысының өздерінің әскери борышын абыроймен атқарып, әскери қызметтің хас шебері болғанын атап өтті. Үкіметтік комиссия қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді жалғастыруда.