19 Ақпан, 2017

Солтүстік Қазақстан облысы су тасқынына дайындалуда

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД жедел жоспарлау басқармасының бастығы Ербол Бектұровтың айтуынша, су тасқынын алдын алу іс-шараларына азаматтық қорғау қызметінің қатысуы мен дайындық жоспары жасалып, бекітілген. Құтқарушылар облыстағы 1500 тұрғын үйі бар 95 елді мекенде су басу қаупі бар екенін айтып отыр. Полиция қызметкерлері жолдардың жағдайын бақылауда. Қауіпсіздікті және автокөліктердің үздіксіз қозғалысын, жолдардың ашық болуын қамтамасыз ету мақсатында су басу қаупі бар 291 учаске бақылауға алынды. Республикалық маңызы бар барлық 1468 шақырымдық жолды тәулік бойы ІІД жол-патрульдік полиция батальонының 15 экипажы күзетуде. СҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Павел Филиппов жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне тас жолдардағы су өткізетін құбырлардың жағдайын қатаң бақылауда ұстау керектігін нықтап айтты. Жиналыс соңында СҚО ІІД бастығы Берік Біләлов тасқынға қарсы шараларға байланысты аудандардағы аумақтық бөлімшелер басшыларының жеке жауапкершілігі туралы ескертті.