Бүгін елордада қалалық футбол федерациясының қолдауымен өтіп жатқан журналистер арасындағы BAQ league-дің кезекті ойындары ойналды.
Алғаш болып алаңға «Егемен Қазақстан» мен «Dixinews.kz» командалары шықты. Тартысты өткен ойында бас басылымның жігіттері 10:5 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда 3:3 есебі тіркелгенмен, келесі 20 минутта «Dixinews.kz» ұжымы санаулы минуттардың ішінде-ақ екі доп айырмашылығымен алға шықты. Алайда, намысқа басқан «егемендіктер» көп ұзамай, жеті голды бірінен соң бірін жаудырды.
Бұл матчта команданың шабуыл шебінде өнер көрсететін Берік Уәли пента-трик жасаса, қорғаушы Еркебұлан Алдабергенов үш доптың авторы атанды. Сондай-ақ, «Егемен Қазақстан» басылымының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мен команда форварды Азамат Жандарбеков бір-бір мәрте мергендігімен танылды.
Бұл күні сондай-ақ тағы да төрт матч өтті:
«Sportsffa.kz» 4:2 «Қазақ радиосы»
«24.kz» «Kazakh TV»
«Sports 59» 7:3 «Жеңіс»
«Хабар» 6:3 «Қазақстан»
Айта кетейік, БАҚ өкілдері арасындағы біріншілік 11 желтоқсан күні «Астана» спорт кешенінде басталған. 11 ұжымның арасындағы чемпионаттың бүгінге дейін 10 туры өтті. Нәтижесінде, турнирлік кестеде 23 ұпаймен «Қазақ радиосы» көш бастап келе жатса, дәл осындай ұпаймен «Хабар» агенттігінің жігіттері ізін қуып келеді. Дегенмен, қосымша бір ойыны бар екенін айта кеткен жөн. Ал үздік үштікті 16 ұпаймен «Sportsffa.kz» түйіндеп тұр.
Ал сұрмергендер тізімінде «Sports 59» шабуылшысы Сапарғали Қанат 20 голымен бірінші болып тұрса, екінші орынға 16 доп соққан «Қазақ радиосының» ойыншысы Нұрсұлтан Қабылбеков жайғасты. Ал қарсыласын 10 мәрте қапы қалдырған «Қазмедиа» форварды Қанат Такиров үштікке енді.
• 19 Ақпан, 2017
BAQ league: «Егемен Қазақстан» қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше