Тіл-аузымыз тасқа, соңғы кездері өткен тарихымызды түгендеуде күтпеген олжаларға кезігіп, шаң басқан мұрағаттар түбінен көптеген құнды жәдігерлер табылуда. Соның бірі ретінде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы жайлы жазылған құжаттың түпнұсқасы табылғанын айтуға болады. Қолжазбаның авторы өзге емес, Кене ханның өз ұлы – Ахмет Кенесарин екен. Бұл құжат Мәскеудегі мемлекеттік тарих мұражайының қорында 105 жыл бойы сақталып келгенімен, күні бүгінге дейін ол туралы ешкім білмеген. Ресейлік түркітанушы Илья Зайцев қолжазбаны 2004 жылы тапқанымен, енді ғана кітап етіп жариялап отыр.
«Біз көрме жасайтын болып, мұрағаттағы аса көрнекті жазбалардың үлгілерін таңдаған болатынбыз. Ол кезде мен жазбаның мәтініне де қатты назар аудармаппын. Бір жағынан, ол кезде Қазақстан тарихын жақсы білмейтінмін, сондықтан, оның маңыздылығын дұрыс бағалай алмадым. Кейін, Кейкі батырдың басы, Кенесары хан туралы баспасөзде айтыла бастағанда, сол жазба есіме түсті, оны оқып шығып бұл қолжазбаның аса құнды екенін бір-ақ білдім», дейді Зайцев.
Әкесі Кенесары хан мен ағасы Садық туралы Ахмет Кенесариннің әңгімесі
аударылып, 1889 жылы Ташкентте баспадан шығаруға әзірленген екен. Sputnik агенттігінің жазуына қарағанда, 64 парақтан тұратын құжат осы жылдар бойы танымал тарихи артефактілерді жинаушы мен зерттеуші Сырдария облысы губернаторы Николай Гордеков қорының сөресінде сақталыпты.
Енді, бұл қолжазба қазақ тарихын жаңаша қарауда ауқымды жұмыстардың бастауына түрткі болып, зерттеушілер үшін үлкен мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.
Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінде Комор аралдарын жеңді
Футбол • Бүгін, 19:25
Қостанайда бір топ мас адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 18:41
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:24
Орал маңында мектеп автобусы жол апатына түсіп, балалар зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 18:15
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмыстары басталды
Елорда • Бүгін, 17:47
Салмақты тәсіл: Тарифтік саясат қалай дамиды?
Экономика • Бүгін, 17:30
Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 17:12
«Ұлы дала аруы» инсталляциясы әлемдік рекорд орнатты
Елорда • Бүгін, 17:02
Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 16:52
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
Ата заң • Бүгін, 16:42
Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?
Білім • Бүгін, 16:33
Астанада жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін
Елорда • Бүгін, 16:22
Үкімет мәдени мұраны сақтауға арналған екі жылдық кешенді жоспарды бекітті
Үкімет • Бүгін, 16:14
5 миллионнан астам адам несие алудан өз еркімен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 16:07