20 Ақпан, 2017

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта болды

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлағанындай, жұма күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында болды. Орталық мемлекеттік орган­дардың, Қарулы Күштердің, қала­лық әскери-патриоттық клубтар мен әскери кафедралардың, «Жас ұлан» және «Жас қыран» бала­лар мен жасөспірімдер ұйымдар­ы­ның өкілдері, «Жас ұлан» рес­публикалық әскери мектебінің тәр­биеленушілері қатысқан кездесуде патриоттық тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды. Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жыл сайын «Айбын» жиыны, ерлік сабақтары, «Жігер» әскери-патироттық лагерьлерін өт­кізу секілді шаралар кешені жүзеге асырылатынын, сонымен қатар, жастардың әскери-патриот­тық тәрбиесін талдау барысында осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру және жүйелеу қажеттігін көрсетіп отырғанынан хабардар етті. Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары М.Тала­сов жеткілікті құқықтық және оқу-материалдық базаның болмауы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің шашыраңқылығы, сондай-ақ, жастарды тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді ортаға салды. Д.Назарбаева Мемлекет бас­шысы, Парламент және үкімет­тік емес ұйымдардың тарапынан патриоттық тәрбиеге баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Сенатор еліміздің орта мек­теп­теріне кадет сыныптарын, оқу орын­дарына алғашқы әскери да­йын­дық сағаттарын қосымша ен­гізу және Қазақстандағы әскери-пат­­риот­тық қозғалысты дамыту ст­ра­те­гиясын әзірлеу қажеттігін айтты. Шараға сенаторлар Мұхтар Алтынбаев, Георгий Ким, Мәжі­ліс депутаттары Зағипа Балиева, Бақытбек Смағұл қатысты. Олар жас патиоттардың сауалдарына жауап беріп, мұражай жәдігер­лерімен танысты.