20 Ақпан, 2017

Қоғамдық келісім – бірегейлік пен бірліктің бастауы

359 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Елбасы ұсынған Конс­ти­туциялық реформа мен Жол­дау­дағы міндеттерді өңір хал­қына насихаттау мақсатында Қазақ­стан Республикасының Мем­ле­кеттік хатшысы Гүлшара Әбді­қалықова жұмыс сапарымен Жам­был облысында болды. Әуелі Тараз қаласындағы «Достық үйі­не» келіп, жұртшылықпен жүз­дес­кен Гүлшара Наушақызы элек­т­р­онды «Тілек ағашына» Жам­был халқына арналған тіле­гін қал­дырды. Сондай-ақ, Жам­был облы­сы Қазақстан халқы Ассам­блея­сының қызметіне және об­лыс­­тың әлеуметтік-эконо­мика­лық дамуына арналған көрме жұмы­сымен танысты. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбді­қалықованың қатысуымен «Достық үйінде» «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы – өсудің жаңа моделі» тақы­рыбын­да Жам­был облысы Қазақ­стан халқы Ассам­­блеясы жанындағы Қоғам­дық келісім кеңесінің кеңейтіл­ген отырысы өтті. Сонымен қатар, кеңес отырысына Қазақ­стан хал­қы Ассам­блеясы Төраға­сы­ның орын­басары-хатшылық меңге­ру­шісі Ералы Тоғжанов, облыс әкімі, өңір­­лік ассамблеяның төрағасы Кәрім Көкірекбаев, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, Жамбыл облы­­сының этно­мә­дени бірлестік жетек­шілері, Алматы қаласы, Ал­маты, Оңтүстік Қазақстан және Жамб­ыл облыстарының қоғамдық келі­сім кеңестерінің мүшелері қатысты. Өз сөзінде Гүлшара Әбді­қалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жол­дауында Қазақстанның үшінші жаң­ғыруын іске асыру жөніндегі бес ба­сым­дықты айқындап бер­генін атап өтті. – Ел Президенті Жолдауда «Бола­шағын айқындап, сын-қатер­лерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра ала­тын халық қана жеңіске жете­ді» деп атап көрсетті. Сонымен бірге, конституциялық реформа Мем­лекет басшысы атап көрсет­кендей, осы күнге дейін жүргізіліп келген қоғамдық істерді одан әрі демократияландыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың жүйелі жалғасы болып табылады. Қазір еліміздің барлық өңірінде осы екі айтулы құжаттың маңыздылы­ғы жан-жақты талқыланып, халық­қа түсіндірілуде. Конститу­ция­лық өзгерістердің алдын ала шығарылуы, биліктің ашықтық қағидатын ұста­нып отырғанын атап өткіміз келеді. Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Елба­сы қабылдаған саяси шешімді алғаш­қы­лардың қатарында қолдап, заман талабына сай реформаны Қазақстанның серпінді дамуының жаңа үлгісі деп атады, – деді Гүлшара Наушақызы. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассам­блеясы Төрағасының орын­басары Ералы Тоғжанов Елбасы Жол­дауында айтылған мақсаттар мен мін­детт­ерге тоқталды. Өз сөзінде хат­шы­­лық меңгерушісі өңірлермен қатар, Жамбыл облысы Қазақстан хал­қы Ассамблеясының да қоғамдық келісім­нің нығаюына қосқан үлесін атап өтті. – Қазақстандық әрбір азаматтың өмір сапасын арттыру ұлттық, мемле­кеттік жауапкершілігі мол азамат тәр­биелейді. Негізінен Елбасы Жол­дауын экономика­лық, әлеуметтік, тех­­но­л­огиялық және ғылыми-рухани даму­дың стратегиялық жоспары десек, ар­тық болмайды, – деген Ералы Лұқ­пан­­ұлы, екіншіден, бұл Жолдау Қазақ­стан­­дағы бірегейлік пен бірліктің, қоғам­­дық келісім мен тұрақтылықтың, эко­но­микалық-әлеуметтік нығаю мен даму­д­ың тиімді жолы екенін де атап өтті. Отырыс барысында «Қаз­фосфат» ЖШС жанындағы Қоғам­­дық келісім кеңесі төрағасы­­ның орынбасары Жанар Оразым­бетова кәсіпорынның Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы туралы баян­дады. Сондай-ақ, Шу аудандық Қоғам­дық келісім кеңесінің мүше­сі, жеке кәсіпкер Ләйлә Жүні­салиева аудандық кеңестің қайы­рым­дылық жұмыстары туралы әңгімеледі. Ал Алматы облысы, Іле аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сакид Чатуев еліміздегі татулық пен тұрақтылық жайлы өз ойын ортаға салса, Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмір­беков Қоғамдық келісім кеңес­тері мен жергілікті атқарушы орган­дардың өзара іс-қимылы туралы пікірін білдірді. Өзге де азаматт­ар қоғамдық келісімді нығайту жұмыстары туралы өз ойларымен бөлісті. Жиын соңында қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін жан­дан­дыру және олардың әлеумет­тік мәселелерді шешудегі рөлін арттыру бойынша шешімдер қабылданды. Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық пери­на­талдық орталығында және Жам­был атындағы «Руханият» орталы­ғында болды. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы