Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Жолдауы мазмұны бойынша мемлекетіміздің экономикалық өсуінің жаңа моделін құруды көздеген маңызды және өзекті бағдарламалық құжат. Еліміздің нақты жаһандық бәсекелестікке қабілетті ел болып, табысты өткен екі жаңғырудан мол тәжірибе жинап, «Қазақстан-2050» стратегиясын орындауға бағытталған сенімді қадамы болмақ.
Елбасы Жолдауы аясында дамудын бес негізгі басымдықтары ретінде ұлттық экономикамыздың технологиялық жаңғыртылуы, іскерлік ортасын жақсарту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жоғарылату, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлықпен күресу белгіленген.
Жолдаудың бірінші басымдығында, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуына қол жеткізу үшін цифрлы индустрияны дамыту басқа салаларға серпін беретіндігін айта келіп, Үкіметке IT-стартаптар халықаралық технопаркін құру тапсырылған. Ол әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болуға тиіс.
Біздің саланың негізгі қызметіне қатысты тапсырманың тағы бірі – ол бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.
Мемлекетіміздің стратегиялық мақсатының бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету бағыты. Осыған орай, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру үшін әр өңір жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Оның ішінде, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру арқылы салық түсімдерін ұлғайту мемлекеттік кірістер органдары қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі деуге болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландырудың маңызы өте зор. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою арқылы салық төлеушілер уақытының үнемделуіне жағдай жасауға бағытталған. Бұл орайда, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электронды форматқа көшіруді кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отыр.
Ал, үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылықтағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жеке меншік капиталды тарту.
Ұлттық банк функцияларын өзгерте отырып, банктердің ахуалына жедел бақылау орнату үшін оған бұрынғыдан да көбірек құқық берілетін болды.
Сондай-ақ, салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдей отырып, мемлекеттік даму бағдарламаларына тиесілі ресурстар мен қаражатты игерудің тиімділігін тексеру қажеттілігі нақты міндет етіп қойылып отыр. Сонымен қатар, қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдету қажеттілігі де атап өтілді.
Елбасымыз салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейту бойынша нақты міндеттер қойды. Қазіргі таңдағы салық жеңілдіктерін оңтайландыру, жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режімдерін жаңаша қарастыру және салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру қажеттігін айтып өтті. Соның ішінде, қосымша құн салығына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді шешу Жолдауда нақты тапсырылды.
Осы ретте, ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті қаражаттың басым бөлігі мемлекет қазынасынан жұмсалатындығын ескерсек, мемлекеттік кірістер органдарының Елбасының Жолдауындағы тапсырмаларды орындаудағы орнының ерекшелігін, оларға қойылған міндеттер мен талаптардың маңыздылығын атап көрсету қажет деп есептеймін.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асырып, еліміздің экономикасын одан әрі дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы мақсатымызға жету үшін, бірлесе аянбай еңбек етуге тиістіміз.
Біздің бірлесіп атқаратын жұмысымыз – мемлекеттің және елдің мүддесі. Ол баршамызға ортақ іс. Сондықтан, Жолдаудағы тапсырмалар мен міндеттерді баршамыз бірауыздан қолдап, орындалуына күш салуымыз керек.
Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
Оңтүстік Қазақстан облысы

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 20:28
Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді
Елорда • Бүгін, 19:48
Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 19:39
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады
Спорт • Бүгін, 18:33
Нысана көздеуден Әлем кубогі: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Спорт • Бүгін, 17:47
Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді
Заң • Бүгін, 17:37
Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді
Мектеп • Бүгін, 17:26
Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:03
Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 16:55
SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Семсерлесуден жаһандық турнирде Қазақстан спортшысы жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 16:24
Президент Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады
Президент • Бүгін, 15:55
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: 9 бала құтқарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:45