20 Ақпан, 2017

Қызметке қабілеттілер қабылданады

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Бас прокурор Жақып Асанов студенттермен және ұстаздармен кездесті. Ол студенттік шағы осы қара шаңырақта өткенін айтты, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Кездесуде Бас прокурор жаңа жұмысқа кіріскенде кадр таңдау мәселесіне баса назар аударға­нын жеткізді. «Жастар арасында сауал­­дама жүргіздік. Студент­тер­дің 95 пайызы танысың, ағаң, көкең болмаса прокуратураға тұру мүм­кін емес деп жауап берген. Осы көз­қарасты біз өзгерттік. Қазір еш таныссыз, байланыссыз біз­ге жұмысқа тұруға болады. Екі конкурс өтті. 2 мың кан­ди­­дат­тың ішінен тек 126-сы жұ­мыс­­қа қабылданды. Оның 21-і, яғни әрбір алтыншысы – осы уни­вер­­си­тет­тің түлегі. Сондықтан сіз­дер­ді құ­т­тықтаймын», деп жинал­ған­дардың көңілін көтеріп тастады. Бұған қоса, Ж.Асанов жастар­мен тәуел­­сізд­ік­тің жетістіктері тұр­ғы­­сындағы ойы­­мен бөлісті. Еге­­мендіктің қаді­рі, ше­к­ара мәр­тебесі және Астананың қар­­қын­­­­дап дамуы жастардың қолын­дағы бас­ты бай­­лық екенін шегелеп айт­ты. Құр­ғақ сөз бо­л­­масын деп адам­дар­дың өмір сүру дең­­гейін 90-шы жылдармен са­лыс­тырып берді. Кездесуде Елбасы Жол­дау­ында көрс­етіл­­ген басты бағыттар да сөз болды. Бү­гін­гі күні қоғам­да талқы­ға түсіп жат­қан Конс­­­ти­­туцияның 26-бабына қатыс­ты ойын да білдірді. Бас прокурор бұл өзге­ріс­­тер­­дің жерді сату­ға мүл­дем қатысы жоқ­­­ты­ғын ескерт­­ті. Ешқандай жер өз­геге бе­р­іл­­­­мей­­ті­нін шегелеп айтқан Ж.Асанов жұ­рт­­шы­лықты қаңқу сөз­ге ермеуге ша­қы­р­­ды. Қоғамға іріт­кі салуға құмар­лар­дың ә­р­е­ке­тіне жол берілмейтінін атап көр­сетті.