20 Ақпан, 2017

Жаңғырту қарсаңындағы Қазақстан

208 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Әр мемлекет өзінің даму кезеңдерінде түрлі өзгерістерді басынан өткереді. Қазақстан да осындай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Кезінде Ке­ңес Одағының құрамында бол­ған Қазақстан бүгінде дүние жүзіндегі танымал мемле­кет­тердің біріне айналды. Тиімді құрылған президенттік басқару формасының арқасында саяси, әлеуметтік-экономикалық, сауда және мәдени-гуманитарлық салаларда таңғаларлық табыс­тарға қол жеткізді. Қазақ­стандағы тұрақтылық пен көп­векторлы саясат ел экономи­касына 200 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы тар­тудың кепілі болды. Бүгінгі таңда Қазақстан елі сенімді саяси және сауда әріп­тесі ретінде аймақтық және ха­лықаралық ұйымдардың құрметті мүшесі болып табы­лады. БҰҰ-ға 1992 жылы мүше­лікке қабылданғаннан бергі аралықта Қазақстан үнемі жаһандық деңгейде баста­ма­шылық танытып, қандай да бір халықаралық даулар мен қақтығыстарды бейбіт жолмен рет­теуге атсалысып келеді. Атап айтар болсақ, Иранның ядро­лық бағдарламасын шешу бойынша келісімдерге, сон­дай-ақ екі мәрте болып өткен Сириядағы мәселелерге қатыс­ты тараптардың кездесуіне келіссөз алаңын ұсынды. Терең ойластырылған мем­лекеттік билік жүйесінің ар­қасында ел өзінің ішкі дамуында да орасан зор табыстарға қол жеткізді. Азаматтық қоғам институттары, мемлекеттік органдардың сапалы жұмысы қалыптасты. Қазақстан Президентінің ел­дің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы шешімі Қазақстан хал­­қы­ның әл-ауқатын арт­ты­­­ру­­ға бағытталған жолдың заң­­­­ды жалғасы болып табы­ла­­­ды. Ендігі уақытта ел Пар­ла­­­­менті­нің рөлі мен орнын ай­тар­­лық­тай күшейту, Үкімет­тің өкі­­лет­тігін кеңейту қарас­ты­ры­лып отыр. Мемлекет бас­шы­сы билік тармақтарының қарым-қатынасында жоғарғы төре­­ші ретінде стратегиялық қыз­­­мет­терді жүзеге асырады. Соны­­мен қатар, Президент Нұрсұл­тан Назарбаев сыртқы сая­­сат­­қа, ұлттық қауіпсіздікке және елдің қорғаныс қабілет­ті­лі­­гіне баса назар аударатын болады. Конституциялық реформалар аса зор маңызға ие және ол дер кезінде ұсынылды деп санаймын, себебі, Үкімет пен Парламенттің рөлін күшейту мен жауапкершілігін арттыру елдің одан әрі дамуы үшін тиімді әрі заманауи басқару жүйесін қалыптастыруға оң ықпал етеді. Миланка КАРИЧ, Сербия Республикасы Парламентінің депутаты