20 Ақпан, 2017

Бұл әлемдік талапқа сай өзгеріске бетбұрыс

187 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығында «Қазақстан: саяси жаңғыруының жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Халықаралық деңгейдегі шетелдік сарапшылар мен еліміздегі сарапшылық ұйым өкілдері қатысқан жиында билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформа мәселесі талқыланды. Қазіргі күні қоғам арасында конституциялық өзгерістер арқылы Президенттің біршама өкілеттіктерін Парламент пен Үкі­метке беру, сот жүйесін кү­шейту және Үкіметтің Парламент алдында есептілігін арттыру жос­парланып отырғаны белгілі. Ал мұндай қадам демократияландыру жолындағы саяси үдерістің барлық қатысушыларының жауапкершілігін арттыратын шешім екені белгілі. Осы орайда, кемел келешек үшін қолға алынып жатқан жаңашылдықтарға шет­елдік сарапшылар мен ға­лым­дар тобы қандай баға беруде? Жиында сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбді­ров Президент өкілеттігін бө­лу жобасы – заманауи институт­тық нормативтік-құқықтық ак­ті­лер талабына сай әрі мұндай қа­дам қазіргі қоғам көзқарасымен үн­­десетіндігін білдірді. «Демо­кра­тияға жақындата түсетін осы се­кілді әдістердің жарқын үлгі­лерін Еуропа елдерінен байқауға бо­­лады және бұл өзгеріс елдегі пар­­тиялардың әлеуетін одан сайын арттыра түседі», – деді Н.Әб­діров. Сондай-ақ, отырыста өз ойын білдірген Еуропалық интеграция мәселелері орталығының директоры Юрий Шевцов, Баку Халықаралық мультикуль­ту­ра­лизм орталығының кеңе­сші­сі Тофик Аббасов, ЕАЭО инсти­тутының директоры, Ресей Ғылым академиясы ғылы­ми кеңесінің мүшесі Влади­мир Лепе­хин сынды сарапшы, ғалым­дар соңғы кездері Қазақ­станда қызу қолға алынып жатқан жарқын жобалар мен тың өзгерістерге жетелейтін бастамалар елдің дамуын одан сайын екпіндете түсетіндігін алға тартты. Сонымен қатар, жиында Ел­басының Жолдауында атап көр­сетілген индустриялық-иннова­циялық даму бағдарламалары аясында цифрлы технологияларға басымдық беру де өте орынды екендігі айтылды. Қатысушылар ел дамуын еселендіре түсетін мұндай жаңашыл қадамдар осы күндері әлемдік деңгейде де өте өзекті болып табылатындығын білдіріп, бұл бағыт болашақ үшін дамудың даңғыл жолы екендігін мәлімдеді. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»