20 Ақпан, 2017

Бірауыздан қолдау тапты

143 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттікті бөліп беру туралы Үндеуі мен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын солтүстікқазақстандықтар да еліміздің басты саяси құжаты ретінде қабыл алып, серпінді істермен жауап беруді серт етіп отыр. «Қазақстан-2050» жалпы­ұлт­тық қозғалысының баста­ма­сы­мен С.Мұқанов атындағы об­лыстық кітапханада жергілікті билік өкілдерінің, депутаттар­дың, үкіметтік емес ұйым­дардың, студент-жастардың басын қосқан «Жалпыұлттық алаң» сұхбаты өтіп, саяси және экономикалық реформалар жан-жақты талқыланды. Ашық пікір алысу үл­гі­сінде өткен шарада облыс­тық мәс­лихаттың хатшысы Вла­димир Бубенко халық қалаулылары Ел­басы белгілеген тапсырма­ларды орындауда жоғары кә­сібилік, жұртшылық аманатына адалдық танытатындығын жет­кізді. Қазіргі таңда халық қалау­лылары биылғы жылғы ең маңыз­ды құжаттардан туындайтын та­лаптарды кеңінен түсін­діруге белсене атсалысып жүр. Жер-жерлерде тұрғын­дар­мен кездесулер ұйымдас­ты­рылып, әлеуметтік мәселелердің бірінші кезекте шешілуіне баса назар аударылған. Облыс әкімі аппаратының бас­шысы Мадияр Қожахмет елдегі демократиялық өзгеріс­терге байланысты билікті ор­та­лық­сыздандыру жұмысы жа­ңаша мазмұнға ие болғанын атап өтті. Билік тармақтары ара­­сында өкілеттікті бөліп бе­ру жергі­лікті атқарушы ор­ган­­дардың жауапкершілігін арт­­тырып, талап пен тәртіпті күшейтеді. Бұл қағидаттарды ойдағыдай жүзеге асыру бәрі­міздің басты борышы­мыз болмақ. Соңғы екі жылда орта­лық мемлекеттік орган­дар­дың 100-ге жуық өкілеттігі жергі­лікті атқарушы органдарға беріл­ген. Алда мемлекеттік аппа­рат­тың тиімді жұмыс істеуін қалып­тастырудың, халық­пен ты­ғыз байланыс орнату­дың тиімді жолдарын тал­май іздес­тіру қажет. Түрлі дең­гейде­гі әкім­дердің тұрғындар алдын­да берген есебі барынша ашық­тық­ты, мөлдірлікті қам­та­масыз етіп, айтылған сын-пікір­лер мен арыз-шағымдар тұрақты бақы­лауға алынды. Бірде-бір мәселе аяқсыз қалмайтын болады. Шара барысында еңбек ар­дагері Иван Чиркалин, кәсіпкер Сайран Хамзин елдегі саяси және экономикалық жаңғыруларға байланысты өз көзқарастарын білдіріп, Үндеу мен Жолдау талаптарын қолдауға шақырды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы