Кеше Жапонияның Саппоро қаласында VIII қысқы Азия ойындары салтанатты түрде ашылып, ақ қар, көк мұз үстіндегі аламанның алауы жағылды. «Саппоро-доум» стадионында өткен думанды шеруде Қазақстанның көк туын шаңғышы, еліміздің бес дүркін чемпионы Ердос Ахмадиев ұстап шықты.
Сары құрлықтың қыстағы басты сайысында Қазақстанның намысын 116 спортшы қорғайтын болады. Жалпы, Ақ Азиада додасында 31 елдің атынан келетін атлеттер спорттың 11 түрі бойынша 64 медаль жиынтығы үшін күш сынасады.
Саппоро сапарына Қазақстан делегациясын бастап барған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың айтуынша, біздің спортшылар бұл ойындарға кей спорт түрлері бойынша екінші құраммен аттанған. Оның себебі, біздің көшбасшы спортшыларымыз дәл осы уақыт аралығында бірқатар спорт түрлері бойынша өтетін әлем чемпионаттары мен Әлем кубогы кезеңдерінде өнер көрсетеді екен.
Соған қарамастан, құрама сапында мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева, конькимен жүгірушілер Роман Креч, Денис Кузин, Екатерина Айдова, Дмитрий Бабенко, фристайл-могулшы Дмитрий Рейхард, биатлоншылар Алина Райкова, Галина Вишневская, шаңғышы Николай Чеботько, шорт-трекші Айдар Бекжанов, шаңғымен тұғырдан секіруші Марат Жапаров сынды тәжірибелі спортшылар бар.
Еске салар болсақ, 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен VII қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрама командасы жалпы саны 32 медаль алып, командалар арасындағы бәсекеде бірінші орынға ие болған-тын. Ал 19-26 ақпан аралығында Саппорода өтетін сары құрлықтың бұл басты сайысында біздің спортшыларымыздың алдына үздік үштіктің ішінде болу міндеті қойылған.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»

Шаңды дауыл, найзағай және өрт қаупі: 31 наурызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:17
Сыр бойындағы серпінді жобалар
Жоба • Бүгін, 09:05
Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажет
Жемқорлық • Бүгін, 09:00
Мәселе • Бүгін, 08:55
«Самұрық-Қазына» тобы Павлодарда ірі жел электр стансасының құрылысын бастады
Құрылыс • Бүгін, 08:50
Құрылыс • Бүгін, 08:48
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Астана болашақ құқығын зерттеу орталығына айналады
Университет • Бүгін, 08:45
Банк табысы азайса, несие пайызы өсе ме?
Банк • Бүгін, 08:43
Тұлға • Бүгін, 08:40
Құқық • Бүгін, 08:38
Руханият • Бүгін, 08:35
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:33
97 талапкер тестілеуден шеттетілді
Білім • Бүгін, 08:30
Ғылым • Бүгін, 08:25