Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымында "Астана Арланс" клубы Талдықорған қаласында "Өзбек Тайгерс" командасымен күш сынасып, жалпы есепте 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің бірінші жекпе-жегі 52 кило салмақта «Астана Арланстың» капитаны Олжас Сәттібаев пен өзбек боксшысы Аброржан Кодиров арасында өтті. Бұл сында қазақстандық шебердің мерейі үстем болды. Одан кейін 60 кило салмақта өнер көрсеткен Зәкір Сафиуллин Рио-2016 Олимпиадасының қола жүлдегері Муроджон Ахмадалиевті тізе бүктірді.
Қызықты жекпе-жектің бірі 69 кило салмақта болды. Бұл сында қазақстандық Асланбек Шымбергенов Олимпия ойындарының (Рио-2016) күміс жүлдегері Шахрам Гиясовты ұпай санымен ұтып қана қоймай, жалпы есепте командасына жеңіс сыйлады.
Бұдан кейін 81 кило салмақ дәрежесінде рингке шыққан Нұрдәулет Жарманов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Бектемір Меликузиевтен ұтылып қалды. Ал соңғы, 91 кило салмақта өнер көрсеткен Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Жалолов арасындағы жекпе-жек «Астана Арланс» өкілінің пайдасына шешілді.
Сонымен «Астана Арланс» клубы WSB маусымында осымен екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұдан бұрын олар ресейлік Patriot Boxing Team клубынан басым түскен болатын.
Мәдина АСЫЛБЕК,
журналист
АСТАНА

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше