25 ақпанда «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне арналған «Қыс өрнегі» 17-ші шаңғы фестивалі өткізіледі. Бұл дәстүрлі шаңғы жарысы - қыстың соңғы сенбісінде Есіл өзенінде (Есіл өзенінің арнасы, Қабанбай батыр даңғылы, көпір, «Рамстор» СҮ) және қалалық саябақтың жаяу жүргіншілер көпірінде ұйымдастырылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Фестивальге қатысушыларды тіркеу сағат 9.00-ден басталады. Жарысқа қатысушылар түрлі жас санатында 1 және 3 шақырым қашықтыққа шаңғы жарысы, шағын футбол, хоккей, белдесу, крикет, армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту, мұз астында балық аулау және мотокросс сынды спорттың он түрі бойынша күш сынасады», делінген хабарламада.
Бұл күні Есіл өзенінің арнасында спорт қалашығы бой көтереді. Фестивальді ұйымдастырушылар - Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс шараларды өткізу дирекциясы. Өткен жылы шаңғы жарысына 2 700-ден астам адам қатысқан, оның ішінде оқушылар, студенттер, әскери қызметкерлер, жастар, қала тұрғындары мен зейнеткерлер де бар.
Дәстүрлі «Қыс өрнегі» фестивалі - елордамыздың спорттық өмірінде айшықты оқиға болып саналады. Отбасымен, ұжыммен таза ауада қысқы демалыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше