20 Ақпан, 2017

Қарағандыда патрон шығаратын зауыт салынады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандыда жыл соңына дейін патрон зауыты салынбақ. Бұл туралы Қорғаныс және әуеғарыш өнеркәсібі министрі Бейтін Атамқұлов мәлімдеді. деп жазады 24.kz. Министрдің айтуынша, жұмыс кестеге сәйкестендірілді. Құрылыс орындарында жер асты суы шығып кеткендіктен, жұмыс көбейіп, шығын артып кеткен еді. Естеріңізге сала кетейік, патрон шығаратын зауыт құрылысы "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағында жүріп жатыр. Зауыттың жоспарлы қуаттылығы жылына 30 млн дана оқ. Жобаның құны 20 млрд теңге. «Зауыт қазақстандық шикізатты тұтынады. Алдағы уақытта технологияны жетілдіру жұмыстары қолға алынады", - деді Бейбіт Атамқұлов.