08 Сәуір, 2011

Ақ тілектер ағыны

1259 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қоғам және  саяси қайраткерлерден, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары басшыларынан, Қазақстан азаматтарынан президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаған хаттар ағымы жалғасуда. Жамбыл облысының әкімі Қанат Бо­зымбаев өз хатында Мемлекет бас­шы­сын сайлаудағы сенімді жеңісімен облыс тұрғындары атынан құттықтаған. – Біздің облыстың тұрғындары бұл тарихи хабарды үлкен қуаныш және шабытты көңіл күймен қабыл­да­ды. Сайлау нәтижелері бұл – көп ұлтты Қазақстан халықтарының Сізге деген үлкен құрметі мен жоғары сенімі, мемлекет басындағы Сіздің қызметіңізге берген жоғары бағасы. Сіз жүргізіп келе жатқан мемлекеттік саясаттың стра­тегиялық курсы бұл – Қазақстанның табысты дамуы мен гүлденуінің басты кепілдігі. Біздің қоғамымызды демо­кратиялық жаңғыртуды жүзеге асыру, еліміздің халықаралық беделін көтеру жолындағы Сіздің еңбегіңіз – Отаны­мыз­ға деген шексіз сүйіспеншілі­гіңіз­дің жарқын мысалы мен ерекше өнегелі үлгісі болып табылады. Сіздің басшы­лы­ғыңызбен біз Отанымыздың гүлде­нуі, мемлекетіміздің қуатының артып, одан әрі дамуы үшін бар күш-жігері­мізді жұмсайтын боламыз, – деп жазылған хатта. Ақтөбе облысы этно-мәдени бір­лес­­тігі­нің басшылары да Нұрсұлтан Назар­баевты сайлаудағы тамаша жеңі­сімен құттықтады. – Этно-мәдени бірлестік Қазақстан­ның ұлы тарихына, мұндағы барлық ха­лықтардың ұлттық дәстүрлеріне қатыс­ты құрмет көзқарасының негізінде жас­тарды патриоттық рухта тәрбие­леуге ықпал етіп келеді. Сіздің қол­дауы­ңыздың нәтижесінде бізге әрбір қазақстандықтың сана-сезімінде Ота­ны­мыздың үздіксіз тарихи даму идея­сын бекітудің, елдің өткені мен болаша­ғының арасындағы берік байланыс жібін сабақтастырудың сәті түсті, – деп атап көрсетілген хатта. Ал «Барбанг» Қазақстан күрдтері ассоциациясының басшылары өзде­рі­­нің жолдаған хаттарында Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы жеңісі – бұл бүкіл Қазақстан халқының жеңісі, Ұлт Көшбасшысына бүкілхалықтық жоғары сенімнің белгісі екендігін жазыпты. – Ел экономикасын жаңғырту мен мемлекеттің саяси құрылысын нығайту, демократияны дамыту бағытындағы тұ­рақ­ты және дана саясатыңыздың нәти­же­сінде Сіз елдің ішінде де, сондай-ақ халықаралық деңгейде де үлкен беделге ие болдыңыз. Өз тамырын өткен шақ­тар­дан алатын Қазақстан халық­тары­ның достығы жыл өткен сайын ны­ғай­ып келеді. Бұл оң өзгерістердің, жағым­ды жетістіктердің барлығы қазақстан­дықтардың өздерінің Ұлттық Көшбас­шы­сы ретіндегі Сізге деген үлкен сені­мінің жетегінде жүзеге асу үстінде. Ты­ныштық пен бейбіт өмірді сақтау мен өзара келісімді қуаттайтын бірыңғай ұлт­тық идеяның айналасына топтасты­рыл­ған қазақстандықтар Сіздің дана басшылығыңызбен өз болашақтарын құру үстінде, – делінген хатта. Мемлекет басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен «Атамекен»  одағы» ұлт­тық экономикалық палатасының Ақтө­бе филиалының, облыстағы кәсіпкер­лер мен жұмыс берушілер, кәсіпорын­дар одағының басшылары да құттықтаған. – Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретіндегі Сіздің қызметіңіз еліміздің тұрақтылық пен гүлдену жолына түсуін қамтамасыз етті. Қазақстанның тәуел­сіз­дігін нығайту, ондағы халықтардың бірлігін қамтамасыз ету, ел аза­мат­та­рының тұрмыс деңгейін жақсарту бағы­тындағы Сіздің берік те салиқалы сая­са­тыңызды біз әрқашан қолдаймыз, – депті олар. Мемлекет басшысын сайлаудағы жеңісімен осындай құттықтау хаты «Семей мәшине жасау зауыты» АҚ басшылығы мен ұжымынан да келіп түсті. – Сайлаудағы Сіздің жеңісіңіз – бұл Қазақстан халқының қамы мен елдің халықаралық беделін көтеру жолын­дағы Сіздің қажымас қайраткерлік қызметіңіздің жарқын дәлелі. Бұл жеңіс Сіздің елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы қалып­тас­тыр­ған бағытыңызды халықтың жұмылған жұ­дырықтай бірлікпен қолдайтын­ды­ғын тағы бір рет көрсетіп берді, – деп атап көрсетілген жолданған хатта. Осындай хаттар ағыны еліміздегі көп­теген еңбек ұжымдарынан, қо­ғам­дық ұйымдардан толассыз келіп түсу үстінде. Олардың барлығы бір­ауыз­дан Нұрсұлтан Назарбаевтың сай­лаудағы сенімді жеңісін қызу құт­тық­тай отырып, өздерінің Елбасымен бірге екендіктерін баса көрсеткен. Хат жолдаушылардың арасында «Алматы ауыр мәшине жасау зауыты» АҚ ұжымы, «Богатырь Көмір» көміршілер ұжымы, Алматыдағы «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының басшылығы мен мүшелері, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар ұжымы мен студенттері, Ақтөбе облыстық жастар ұйымдарының басшылары мен мү­ше­лері, Орал және Гурьев архие­пис­копы Антоний, Семей қаласының тұр­ғыны А.Құдайбергенова, Орал қала­сының тұрғыны А.Касмаль, Алматы қала­сының тұрғындары Х.­Бақ­ты­бае­ва, С.Ермекбаев, Ақмола облысы Ар­шалы ауданының тұрғыны Н.­Ева­ков­ская, Арал қаласының тұрғыны Ж.­Сал­­мырзаева, Шымкент қала­сы­ның тұр­ғыны К.Доспанбетова, Көк­шетау қа­ласының тұрғыны А.Хлыстун, Оңтүс­тік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы­ның тұрғыны, еңбек ардагері,А.Тере­щенко, Павлодар облысы Шарбақты ауда­нының тұрғыны А.Поляков, Екі­бастұз қаласының тұрғыны Л.Баталов және басқалар бар. ***   Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына еліміздің барлық өңірінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар легі толассыз келіп түсуде. Құттықтаушылардың ішінде еліміз­дің көрнекті ғалым-қайраткерлері бар. Солардың бірі академик Әбдуәли Қай­дар: «Сіз осы 20 жыл ішінде талай белестерді бағындырдыңыз. Еліміздің абы­ройын асқақтатып, төрткүл дүниеге паш еттіңіз. Мемлекетімізді жаңа даму жолына түсірдіңіз. Осындай игі істе­рі­ңіздің бұдан әрі де өркендей беруіне шын жүректен тілектеспін», деп жаза­ды жеделхатында. Академик Төрегелді Шарманов өз хатында: «Президенттік сайлауда хал­қы­мыз­дың Елбасын қолдап, ақ ниетін білдіруі бейбіт ғұмыр мен жасам­паз­дыққа апаратын жолды таңдағаны», дейді. Сондай-ақ, Рабиға Сыздықова, Өмір­зақ Айтбайұлы, Серік Қира­баев, Тұрсынбек Кәкішев, Сейіт Қас­қа­басов сынды академиктер жолдаған жеделхатта: «Қазақстан халқы еліміздің соңғы жиырма жылдағы жоғары қар­қында дамуы мен өсіп-өркендеуін Сіз­дің есіміңізбен байланыстырады. Сон­дықтан ел таңдауы тағы да Сізге түсіп, тағы да Сізге сенім артты», делінген. Ал, жазушы Сәбит Досанов өз тілегін: «Сіздің бұл тарихи ұлы жеңі­сі­ңіз – көл-көсір еңбегіңіз бен көрегендігіңіздің жемісі», деп жеткізеді. Сонымен қатар, Семей қаласынан «Абай қорының» президенті Балтабек Ерсәлімов жеделхатында: «Сіз қазақ хал­қының бағына туған азаматсыз. Шы­най құрмет пен шексіз ризашы­лыққа бөлене беріңіз», деп ағынан жарылады. Ал, «Абай» журналының директоры Ырысхан Мұсаұлы мен ақын Мұратбек Оспанов: «Атам қазақ отырған алтын айдарлы ұлына ақсарбас айтып, толайым көңілден ақ тілегін ақ­тарып жатады. Осы дәстүрді сақтай отырып, бүкіл әлемді таңдай қақтырар­лық табысыңыз бен сайлаудағы ірі жеңісіңіз ұзағынан сүйіндірсін», дей келе, Елбасының алдағы өкілеттік кезе­ңін­дегі еңбегіне тілектестік білдірген. Сондай-ақ, Мемлекет басшысын Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қап­ламбек гуманитарлық агро­эконо­ми­калық колледжінің директоры Еркімбек Қанжігітов, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Сұлушаш Қайранова қатарлы зиялы қауым өкіл­дері жеделхат арқылы құттықтаған. Елбасына ақ пейілдерін білдірген­дер­дің арасында ардагерлер де аз емес. Павлодар облысынан жеделхат жолда­ған Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдеш Нұркин: «Елін сүйген, елі сүй­ген Елбасы ретінде толағай табыс­тар мен биік белестерден көріне бері­ңіз», деп ыстық ықыласын жеткізген. Осы облысқа қарасты Май ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Әлмырза Ахметов Елбасын құттық­тап, ақ тілегін білдірген. «Қазақ­стан­ның жағдайын жөндеп, жер жүзіндегі үлкен мемлекеттердің қатарына қос­тыңыз. Енді бұдан да былай елімізді көркейте беруіңізге тілектеспіз», деп жазады Жамбыл облысы Мойынқұм ауданынан хат жолдаған еңбек ардагері З.Қамшыбаев. Шығыс Қазақстан облысы, Бес­қа­рағай ауданы тұрғындары атынан жеделхат жолдаған аудан әкімі Т.Жексем­баев Мемлекет басшысының алдағы атқарар ісіне толайым табыстар тілейді. Осы өңірдегі Абай ауданының тұр­ғын­­дары игі тілектерін жеделхат арқы­лы білдірген. Президентті сайлаудағы үлкен жеңісімен құттықтап, шынайы лебіздерін білдіріп жатқандардың ішінде Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Қазфосфат» АҚ-тың мыңдаған жұ­мыс­шыдан тұратын үлкен ұжымы да бар. «Сайлаудағы бұл жеңісіңізді біз елді көркейтудегі, тыныштықты сақтап, ха­лықтың әл-ауқатын арттырудағы ат­қар­ған ерен еңбегіңізге отандас­тары­мыз­дың берген жоғары бағасы деп білеміз», делінген басқарма төрағасы М.Есе­нов пен бас директор М.Ис­кандировтың атынан келген жеделхатта. Сонымен қатар, Мемлекет басшы­сын Қазақстан Кәсіпкерлері ассо­циа­циясы атынан басқарма кеңесінің төрағасы Ж.Жанқұлов құттықтапты. «Сіздің орасан зор саяси тәжірибеңіз, өмірлік даналығыңыз бен сарқылмас күш-қуатыңыз әлі ұзақ жылдар бойы Қазақстан халқының мүддесі жолында қызмет ететініне сенім білдіреміз», деп жазады ол өзінің хатында. Елбасын сайлаудағы жеңісімен құт­тық­тап, ізгі тілектерін білдіргендер ара­сында Қостанай облысы, Жангелдин аудандық мәслихатының депутаты К.Кар­­бозов, Қазақстан жастары Конгресі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақ­стан мемлекеттік университетінің жаста­ры, Оңтүстік Қазақстан облысы тұр­ғын­дары атынан: Кеңес Одағының Батыры Т.Қауымбаев, Социалистік Ең­бек Ері Б.Шүкірбеков, жазушы Е.Тұ­рысов, ха­лық ақыны Ә.Қалыбекова, облыстық ардагерлер кеңесінің төр­аға­сы Ж.­Мәу­ленқұлов, Қ.А.Ясауи атын­да­ғы ХҚТУ вице-президенті Ж.Ай­ме­нов, т.б. бар. «Бүгін Қазақстан мен Сіздің есіміңіз қатар айтылады. Өйткені, еліміз Тәуел­сіздігінің 20 жылында Сіздің бастау­ыңызбен Қазақ елі төрткүл дүниеге әйгілі, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елі­нің қатарына қосылуға толық мүм­кіндігі бар іргелі де экономикасы қуат­ты елге айналды», делінген Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы­ның жанындағы штаб мүшелері Б.Нұ­расыл, Қ.Абжанов, Е.Келгенбаев, А.Дудник жолдаған жеделхатта. Мұн­дай мазмұндағы құттықтаулар сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақ­та­арал аудандық қоғамдық штаб мүше­лері О.Аяшев, И.Үмбетаев, Қызылор­да облысы, Арал ауданының тұрғыны Ж.Салмырзаева, Шығыс Қазақстан об­лысы, Жарма ауданының әкімі Т.Қа­сымжанов, «Нұр Отан» ХДП Жарма аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, Жарма аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы С.Жылқыбаев және  Жарма аудандық қоғамдық штаб мүшелерінен, ойылдық Қ.Нұрымгерейұлынан, С.Әубәкірұлынан, еңбек ардагері Ә.Қа­сым­бекқызынан келіп түсті.