20 Ақпан, 2017

Былтыр Астанада 800-ден астам өрт тіркелген

142 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ТЖД мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылы Астана қаласы аумағында 77 төтенше жағдай тіркелді, оның 80% техногендік сипаттағы төтенше жағдайр (техногендік - 62, табиғи - 15). Уақытылы қабылданған алдын алу шараларының арқасында 2016 жылы төтенше жағдайлардың саны 2,5 есеге, зардап шеккендер саны 3,5 есеге және қаза тапқандар саны 2 есеге төмендеді. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады. 2016 жылы елордада 811 өрт тіркелді, соның салдарынан материалдық зиян 17 млн. 050 мың теңгені құрады, өрттің қауіпті факторларынан 19 адам қаза тапты, 58-і түрлі дәрежедегі жарақат алды. ТЖ талдауына сәйкес, төтенше жағдайлар мен оқиғалардың 95%-ы (846-дан 811) өндірістік және тұрмыстық өрттерге тиесілі, оның ішіндегі жартысынан көбі тұрғын үй секторында (411 оқиға) тіркелді. Осыны ескере отырып, ТЖД қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен (ЖПҚ) бірге 49 мыңнан аса көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлерді аралап, үй иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы жадынама таратты. Отты абайсыз пайдалану себебінен болатын өрттердің алдын алу мақсатында ЖПҚ-мен бірге АТОЖ тұлғаларды табу ықтимал орындарда 161 рейд жүргізіп, 514 адамды қамтыды, сонымен қатар тұрмыс жағдайы төмен отбасыларды аралады. Жергілікті полиция қызметі, жедел медициналық қызметі және өзге жедел қызметтермен бірге 18 жалпы гарнизондық өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, 3 республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысты. Азаматтық қорғау күштерінің ТЖ-ға әрекет етуі: «112» және «101» жедел қызмет телефондарына 568 669 хабарлама қабылданды. ТЖ әрекет ету үшін құтқару бөлімшелерімен 5 мыңдай жедел шығулар жүзеге асырылып, нәтижесінде 380 адам құтқарылды және 1 мың 383 адам эвакуацияланды. Су айдыны маңында адам өлімінің алдын алу мақсатында 45 ескерту белгісі орнатылып, судағы іс-қимыл тәртібіне 630 бала оқытылды, қала мектептерінде ашық сабақтар өткізіліп, онда 300 оқушы қамтылды. Орталық жағажайда суда құтқару станциясының қызметкерлерімен балаларды жүзуге үйрету жұмысы жүргізілді. «Қауіпсіз демалыстар» жалпы қалалық акциясы шеңберінде 50 мектеп алды лагерьде алдын алу іс-шарасымен 800 бала қамтылды. Астана қаласының ТЖД базасында 380 оқу-жаттығу өткізіліп, оған жергілікті атқарушы органдар, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері , 21 азаматтық қорғау қызметі мен санатқа жатқызылған ұйымдар жұмылдырылды.