20 Ақпан, 2017

«Торпедо» тарихи жеңісіне қол жеткізді

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өскемендік «Торпедо» хоккей клубы тәуелсіздіктің ширек ғасырында тұңғыш рет Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының жеңімпазы атанды. Өскеменде ресейлік «Звезда» командасымен өткен қорытынды кездесуде алаң иелері қарсылас қақпасына үш бірдей шайба соқты. 34-ші минутта Станислав Танзухин ашқан есепті Талғат Жайлауов еселеп, дубль авторы атанды. «Звездалықтар» жалғыз шайбамен ғана шектелді. Осылайша 109 ұпай жинаған «Торпедо» тұрақты чемпионаттың көшін бастаса, екінші орынды «СКА-Нева» командасы иеленді. Үштікті 102 ұпайы бар Қарағандының «Сарыарқасы» түйіндеді. -Ойын өте тартысты өрбіді. Қарсыластар да қарымдылығын көрсетіп бақты. Дегенмен біздің жігіттеріміз жарады. Шығысқазақтандықтарды «Торпедоның» тарихи жеңісімен құттықтаймын, - дейді «Торпедо» хоккей клубының бас бапкері Алексей Ждахин. Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» Суреттер «Торпедо» хоккей клубының сайтынан алынды