Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен бюро отырысында заң жобаларының дайындығы пысықталды.
Қаржы және бюджет комитеті еліміздің кейбір заңдарына бюджет процесінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар кұзыретінің аражігін ажырату мәселелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда қарауға шығаруды ұсынды.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді қарастыратын заң жобасы депутаттар талқысына шығаруға дайын екенін мәлімдеді.
Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бірнеше халықаралық заң жобасын ұсынды. Заң жобалары Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының күн тәртібіне енгізілетін болды.
«Егемен-ақпарат».