20 Ақпан, 2017

Ақмола облысында құлпынай өсіретін шаруашылық пайда болды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысының Шортанды ауданына қарасты Дамса ауылында жаңа жеміс-жидек фермасы өз жұмысын бастады, деп жазады 24.kz. Шаруашылық негізінен құлпынай және таңқурай өсірумен айналысады. Ал, елді мекен Астана қаласына жақын орналасқандықтан, ферма өз өнімдерін алдымен елордаға жөнелтеміз деп отыр. «Бұйыртса, осы жазда-ақ астаналықтар өзіміздің жеміс-жидектерден ауыз тиетін болады. Құлпынайдың бұл сұрпы өте өнімді. Әр түптен бір маусымда 2 келіге дейін өнім алуды жоспарлап отырмыз. Осылайша биыл бас-аяғы 3 тонна өнім өндіріледі деп үміттенеміз», - дейді серіктестіктің директоры Нұрлан Апұшов. Шаруашылық осы мақсатта шетелден 1 млн данаға жуық көшет әкелмек. «Альбион» атты құлпынай сұрпы жылына бірнеше рет өнім береді екен.