21 Ақпан, 2017

Телефон арқылы сөйлесті

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев Бе­ла­русь Рес­пуб­­ли­касының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлес­ті, деп хабарлады Прези­дент­тің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Алек­сандр Лукашенко екіжақты ынты­мақтастықтың мейлінше өзекті тақырыптарын талқылады. Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ­тың қазіргі қызметі мен оның бұдан əрі дамуының мəселелері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, екі елдің көшбас­шылары алдағы кезде­сулердің кестесін қарастырды. Атап айт­қанда, Қазақстан Президенті Беларусь Президентін Шанхай ын­ты­мақтастық ұйымының сам­миті­не жəне Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сінің ашылу салтанатына шақырды.