21 Ақпан, 2017

Күн тәртібі нақтыланды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Осыған орай, келесі аптада депутаттар 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей мен Ембі полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы үкіметаралық шарттың қолданысын тоқтату жөнін­дегі шаралар туралы екі ел арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын талқыламақ. Сонымен бірге, осы күні палата бірқатар заң жобасын жұмысқа қабылдайды. Ал электр энергиясы мәсе­ле­лері бойынша түзе­ту­лерге қатыс­т­ы заң жобасы бойынша жұ­мыс өз жал­ғасын таппақ.