21 Ақпан, 2017

Мәдениет көкжиегі кеңейеді

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Владимир Мединскиймен кездесті. Кездесудің басында Г.Әбдіқалықова Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ресейдің Мәдениет министріне халықтар арасындағы татулықты, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. Кездесуде Мемлекеттік хатшы екі ел халқының сан ғасырлар бойы арқауы үзілмеген тарихи бауыр­лас­тықты, достық пен тату көршілікті бекем ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Ресейдің Мәдениет ми­нистріне Кейкі батырдың сүйегін тари­хи Отанына қайтару ісіне байла­нысты тығыз ынтымақтастық үшін алғыс білдірді. Бұған қоса, Г.Әбдіқалықова Ресей тарапының шақыруы бо­йын­­ша қазақ­стандықтардың түр­лі іс-шараларға белсене қаты­сып жүргенін айтты. Мәселен, был­тыр «Астана Балет» театры «Звез­ды белых ночей» халық­ара­лық фестивалінде ерекше өнер көр­сетсе, «Астана Опера» театры Санкт-Петербургте Морис Жарр­дың «Париж Құдай ана­сының соборы» балетін қойған болатын. Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы XXI ғасырдағы тату көр­шілік және одақтастық туралы шарт­қа ерекше назар аударды. Олар­­дың айтуынша, қалыптас­қан тарихи байланыстар негізінде ор­тақ мәдени кеңістікті нығайтуға сеп­­тігін тигізетін бұл маңызды құ­­жат екі елдің рухани және мәде­ни жа­қын­дығын сақтауға ықпал етпек. Бұдан бөлек, Мемлекеттік хат­шы екі елдің Мәдениет ми­нистр­ліктері арасында 2019 жыл­ды Ресей мен Қазақстан ара­сын­дағы мәдени байланыстар жы­лы деп жариялау мүмкіндігі қарас­тыры­лып отырған Мәдениет сала­сын­дағы 2017 жылға арналған бір­лес­­кен іс-қимыл жоспарына қол қоюдың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында Г.Әбді­қа­лықова биыл Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­­сі өтеті­ніне, оның аясында Нұрсұл­тан Назарбаевтың тапсыр­масы бо­йынша бүкіл қазақ­стан­дық мәдениеттің кең ауқымды таныстырылымы болатынына тоқтала келе, жалпы ЭКСПО-2017 көрмесіне Ресейдің белсене атса­лы­сатынына сенім білдірді. Ал В.Мединский II дәре­желі «Достық» орденін табыс еткені үшін Қазақ­стан Прези­­дентіне ризашы­лығын білдір­ді. «Мен мұны Ресейдің мәде­ниет саласының бар­л­ық қызмет­керлеріне көр­сетілген құрмет деп есептей­мін. Олар Қазақ­станға, Астанаға айрықша ықылас-ниетпен барады. Себебі, бұл ел – біздің жақын көршіміз», деді Ресейдің Мәдениет министрі. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»