21 Ақпан, 2017

Үкімет халыққа жақын болады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы ұсынған конс­титуциялық реформа мемле­текетіміздің дамуын және бүкіл Қазақстан халқының мүд­делерін толықтай қам­та­масыз етеді деп сене­мін. Соны­мен қатар, мемле­кеті­міздің саяси жүйесіндегі биліктің үш тармағы, яғни сот, заң шы­ғарушы және атқарушы биліктер арасындағы тепе-теңдік қалыптасады деп ойлаймын. Яғни бір-бірін тежеу және теңеу механизмі күшейтіледі. Үкімет пен Пар­ламентке өкілеттіктер беріліп отыр, яғни Үкіметтің Парламент алдындағы жауап­кершілігі, сондай-ақ, Пар­ламенттің халықтың алдын­дағы жауапкершілігі де жоғарылай түседі. Басқаша айтқанда, Үкімет халыққа жақынырық болады. Тағы бір айта кететін мәселе, Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің биылғы Жолдауында басты мәселе ретінде адами ресурстар ата­лып өткен болатын. Ада­ми ресурстар еліміздің дамуы­на тікелей септігін тигі­зеді деп айтсақ болады. Мен үш­тіл­ділік саясатын қол­дай­мын. Қазақстанда ағыл­­шын тілін оқыту ісі қол­ға алынып жатыр. Әрбір Қа­зақ­­стан азаматы ағылшын тілін толық меңгер­ген бол­са, оның халықара­лық аре­на­дағы бәсекелестікке де­ген қабілеттілігі де арта­ды. Мысалы, мен «Бола­шақ» бағдарламасы бойын­ша Вашингтон қала­сын­дағы Джордж Вашингтон уни­верситетінде магист­ра­турада оқимын. Маман­дығым – Project Management. Бұл сала елімізде айтарлықтай мық­ты дамымаған. Сол себеп­ті, осы жақта алған білі­мім мен тәжірибемді еліміздің инно­­вациялық-индустриялық жо­ба­ларды жүзеге асыруға жұмсасам деп ойлаймын. Бақдәулет ТҰРҒАРАЕВ, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты