21 Ақпан, 2017

«Ақ жол» өз ұсыныстарын жолдады

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Ақ жол» партиясы конституциялық реформаға байланысты өз ұсыныстарын Президент Әкімшілігі жанындағы комис­сияға жолдады. Бұл туралы партия­ның баспасөз қызметі хабарлады. Жолданған ұсыныстар партия төралқасы мүшелерінің, оның парламенттік фракциясы мен облыстық филиалдары отырысының барысында талқыланды. Партия төрағасы Азат Перуашев жобаны таныстыра отырып, Мемлекет басшысының Конс­ти­туцияны жетілдіру мен билік тар­мақ­тары арасында өкілеттікті қайта бөлу бойынша бастамасын демократиялық партияның қолдайтындығын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, бұл қадам мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есеп беруіне қатысты саяси жүйенің әрі қарайғы жаңғыртылуын білдіреді. Қорыта айтқанда, «Ақ жол» демокра­тиялық партиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың конституциялық реформаларды бүкілхалықтық талқылау үшін ұсынған уақы­тын пайдалана отырып, аймақтар мен орта­лық органдардағы партия активтерімен кездесуінде өзінің бастамалар пакетін жасап шығарды. Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша комиссия талқылауына жіберілетін қорытынды пакетте «Ақ жол» партиясы 18 нақты ұсынысты атап көрсеткен.