21 Ақпан, 2017

Ұлттық банк айналымнан 2,1 трлн. теңгені алып тастады

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша, Ұлттық банк айналымнан 2,1 трлн. теңгені шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2017 жылдың қаңтарынан, Қаржы министрлігі қаржы нарығының қатысушылары арасында мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыра бастады. 2015 жылдың қазан айынан алғаш рет Қаржы министрлігі барлық қатысушылар үшін қаржы нарығындағы жағдайға сай келетін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарды. Соңғы кезде инфляциямен сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар тек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үшін шығарылып келген болатын. 2017 жылдың 1,5 айында 144,4 млрд. теңге шығарылды», - деді Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев брифинг барысында. Ол сонымен қатар 2016 жылдың соңында реттеуші орган мемлекеттік бағалы қағаздарды 5 жылға дейінгі мерзімге бере бастағандығын еске салды, бұл өз кезегінде Қаржы министрлігіне ортамерзімді қарыз қаражаттың құнына қатысты бағыт берді. Жалпы, қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша, Ұлттық банк айналымнан 2,1 трлн. теңгені шығарды. Қысқамерзімді ноталардың айналымдағы көлемі 2,8 трлн теңгеге жетті. Ақшалай нарықтың ставкалары бекітілген дәліздің шеңберінде қалуда. 2017 жылдың 17 ақпанында РЕПО бірмезгілді операцияларының ставкасы 11,11%-ды құрады. «Осылайша, Ұлттық банк инфляция бойынша мақсаттар мен макроэкономикалық тұрақтылық арасындағы тепе-теңдікті сақтауда, бұл түптеп келгенде, экономикалық өсімге оң әсерін береді. 2016 жылдың соңындағы және 2017 жылдың қаңтарындағы экономикалық белсенділік біршама артты», - дейді Ұлттық банк басшысы.