21 Ақпан, 2017

Көлік алу үшін қазақстандықтарға 8 мыңнан астам несие берілді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жеңілдікті автонесие беру бағдарламасының шеңберінде жеке тұлғалардан несие алуға түскен 8 мыңнан астам сұранымды шамасымен 31 млн теңгеге мақұлдады, деп жазады strategy2050.kz.
ҚДБ өткен жылдың 20 сәуірі күні іске қосылған Жеңілдікті автонесие беру бағдарламасының операторы болып табылады. «Даму Банкі агент банктермен Ұлттық қордан бөлінген несие қаражатын игерудің бақылауын үнемі жүргізуде. Бағдарлама шеңберінде Ұлттық қордан жеке тұлғаларға Қазақстанда жиналатын автокөліктерді сатып алуға несие беру үшін барлығы 26 млрд теңге бөлінді», - деп хабарлады ҚДБ. Жеке тұлғаларға жергілікті өндірілген жеңіл автокөлік сатып алуға ҚР Үкіметімен бекітілген несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 4%, алайда жылдық тиімді мөлшерлеме (оның ішіне сақтандыру және автокөлікті кепілге салу шығындары кіреді) жылдық 7,5%-дан аспау керек. Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, несие мерзімі – ең көбі 5 жыл, қарыз валютасы – теңге, жеңіл көліктің бір бірлігінің бағасы – ең көбі 9 000 000 теңге, бастапқы жарна (бар болса) – сатып алынатын көліктің бағасынан ең көбі 20%.   Жеңілдікті автонесие беру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жаңартпалы сипаты бар. Яғни, ағымдағы несиелерді өтеуден түскен төлемдер қайтадан атонесие беруге жұмсалады. Ақырғы қарызгерлер – жеке тұлғаларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында жиналатын «Kia», «Chevrolet», «Skoda»,  «Hyundai», «SsangYong», «Peugeot», «Toyota»  және т. б. сияқты брендтердің 62 көлік моделі ұсынылады.    
Соңғы жаңалықтар

Жұмақ – жүректе

Кино • Бүгін, 08:30

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Саяның «SSS» мектебі

Қоғам • Бүгін, 08:12