21 Ақпан, 2017

Қашағанды игеруге қанша қаржы жұмсалды?

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қашаған кен орнын игеру жобасының толық құны белгілі болды, деп жазады Қазақпарат. "Бүгінге дейін Қашаған кен орнын игеру бойынша Солтүстік Каспий жобасына салынған инвестиция көлемі 55 млрд доллардан асты», - дейді North Caspian Operating Company консорциумының басқарушы директоры Бруно Жарден. Естеріңізге сала кетейік, ертеректе осы жоба үшін 130 млрд доллар инвестиция салынды деген бейресми ақпарат тараған еді. «Қашағанды пайдаланудың бірінші айналымы он жылды құрайды. Жобаны ұзақмерзімді жоспарлау керек. Алдағы жылдары мұнай бағасының қалай құбылатынын білмейміз», - деді Б. Жарден.