21 Ақпан, 2017

Мұнай қымбаттауға бет алды, инвесторлар әлі де өсетінін болжайды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ОПЕК елдерінің мұнай өндірісінің кестеге сай азайтып жатқаны туралы жаңа мәліметтің шығуымен нарықтағы қара алтын құны қымбаттай түсті. Астана уақытымен 13:25-те Брент маркалы мұнай құны барреліне 56,32 долларды құрады. "Соңғы бірнеше сағатта бағаның тұрақты өскені инвесторлардың потимистік көзқарасын көрсетеді", - дейді OptionsXpress маманы Бен ле Брун. Қазіргі таңда ОПЕК мемлекеттері желтоқсан айында қысқартуға келіскен тәулігіне 1,8 млн баррельдің 90 пайыздан астамын азайтып үлгерген. "Қазір біз соңғы бірнеше күннен бері шыға алмай келген дәліздің ең жоғарғы деңгейіне жеттік", - дейді ле Брун. Алайда, осы аптада шығатын АҚШ мұнай мен мұнай өнімдерінің резерві туралы мәлімет бағаға басқаша ықпал етуі де ғажап емес.