21 Ақпан, 2017

Ильхам Әлиев әйелін вице-президент етіп тағайындады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің әйелі Мехрибан Әлиева елдің бірінші вице-президенті болып тағайындалды, деп жазады ел президентінің ресми сайты. Бұған дейін Мехрибан Әлиева Гейдар Әлиевтің қорын басқарып, Әзербайжан парламентінің депутаты болған. «Мехрибан Арифқызы Әлиева Әзербайжан Республикасының Бірінші вице-президенті болып тағайындалсын", - делінген құжатта. 52 жасар Мехрибан Арифқызы мен Ильхам Әлиев 1983 жылы шаңырақ құрған.